Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап қоюшы «Г» акционерлік қоғамы жауапкер «Қ» жеке кәсіпкерінен 3327508 теңге қарыз сомасын өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.
Сот тараптарға дауды татуласу рәсімдерімен, оның ішінде сотқа дейінгі хаттаманы толтыру жөніндегі құқықтарын түсіндіріп, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.
ҚР АПК-нің 277-бабының 6-тармағына сәйкес, сот азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітіп, төленген мемлекеттік баж сомасын талапкерге қайтарып, азаматтық іс жүргізу өндірістен тоқтатылды.
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты