ЕРГЕШБАЕВ ЕЛ АРАЛАП ЖҮР
Сырдария ауданы аграрлы аудан болып саналады. Қазіргі таңда су тапшылығын сезініп отырғандықтан аймақ бойынша суды үнемдеу және егін шаруашылығын әртараптандыру мәселесі күн тәртібінде тұр. Сонымен қатар аймақ басшысы Н. Нәлібаевтың тапсырмасымен азық-түлік белдеуін қалыптастырып, экологиялық таза өніммен қамтамасыз ету мақсатында әрбір ауылда бақшалық жерлер ашылуда. Аудан бойынша 210 гектар жер дайындалып, 840 адам 90 гектарға картоп, 20 гектарға көкөніс, 100 гектарына бақша дақылдары егілді. Сырдария ауданының әкімі М.Ергешбаевтың елмен үшінші тоқсанда кездесуінің басы болған Айдарлы ауылында арнайы жер ашылып, ауыл жастары «Жастар» бригадасын құрып, 5 гектар жерге қауын-қарбыз, 5 гектар жерге картоп егуде. Егін егуге ең қажетті аяқ су мәселесі болса, биылғы жылы облыстық бюджет есебінен Айдарлы ауылының Ақтам каналы тазартылып, ауылға аяқсу жетті. Су тапшылығының алдын алу мақсатында СНП – 500 насос қондырғысы беріліп, егін алқаптары суарылуда. Келер жылы да су тапшылығы болуы әбден ықтимал. Бұл қиындыққа ауыл халқы алаңдаулы. Сол себепті биылдан бастап ауыл каналдарына механикалық тазарту жұмыстарын жүргізуді сұрайды. Аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы бұл мәселені бақылауға алып, арнайы мамандар шақыртамыз деді.
Сондай ақ М. Ергешбаев Жетікөл ауылдық округі тұрғындары мен де кездесті.
Кездесу барысында атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер айтылып, тұрғындардың ұсыныспікірлері тыңдалды.
Биылғы жылы ауылдың «Жетікөлжарма» арнасынан су алатын «Военторг» каналына облыстық бюджет есебінен тазарту жұмыстары жүргізілді. Бұл каналға сонау 90 – жылдардан бері су жіберілмеген. Іші көміліп, аяқ судың келуіне мүмкіндік жоқ жағдайына жеткен. Қазір аталған каналдың 4,9 шақырымы толығымен тазартылды. Соның арқасында ең алдымен ауыл халқының аяқ су мәселесі шешімін тапты және ауыл халқының бау – бақша өнімдерін егуге мүмкіндігі туды. Жетікөл ауылына «Алиакбар ата-Агро» шаруа қожалығы 22 гектар жүгері, 23 гектар бақша дақылдарын егіп, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Сонымен қатар Украина елінің инвесторлары келіп, жерді игеру жұмыстарын жүргізуде. Биыл 250 гектар жерге күздік бидай егіп, келер жылы жүгері, арпа, тары секілді әртүрлі дәнді дақылдар егуді жоспарлауда. Осы жұмыстар нәтижесінде ауылдағы 9,3 пайыз жұмыссыздық мәселесін шешу қажеттігін аудан басшысы ауыл әкіміне қатаң тапсырды. «Ауыл тұрғындарын кәсіппен айналысуға тарту, мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін пайдаланып, өзінөзі қамтыған азаматтар санын арттыру қажет. Басқа ауылдармен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі өте жоғары. Қазіргі мүмкіндіктерді толық пайдалану керек. Ауылда жұмыссыз азаматтар болмағаны дұрыс»,- депті М.Ергешбаев жұмыссызы көп “Жетікөлде”. Аманкелді ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның бұл ауылдан бөлек оған жақын орналасқан Айдарлы, Жетікөл ауылдары үшін орны бөлек. Аудан орталығынан шалғай жатқан ауыл тұрғындарының күндіз-түні жатып емделетін бір аурухана сұрағанына біраз болды. Алайда тұтастай аурухана ашуға бюджет тапшы. Содан да болар М.Ергешбаевтың Амангелді ауылы тұрғандарымен кездесуі жұмыс жасап тұрған аурудың алдын алып, күндізгі ем-дом жүргізетін күндізгі стационар алдында өтті. Ауылдықтардың көңілге медет ететіндігі анализ тапсыру үшін ауданға сабылмай, осы емханада арнайы лаборант штаты ашылып, осы жерде қабылдау жүргізілуде. Бұл аталған ауылдар үшін уақыт және қаржы үнемдеуге өте қолайлы. Тұрғындар өз алғыстарын жеткізіп, алдағы уақытта шешілуі тиіс аяқсу, қоғамды қауіпсіздік, кәсіпкерлік және тағы да басқа мәселелерді көтерді. Бесарық ауылы соңғы жылдары қарқынды дамып келеді. Жоспарлы инфрақұрылым жүргізіліп, ауыл көркі қалаға ұқсап келеді.
Биылғы жылы бірден ұзындығы 8,4 км, құны 246,0 млн.теңгені құрайтын 6 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар 380 млн.теңгеге жаңадан спорт кешенінің құрылысы салынуда. Мұрат Нәлхожаұлы бесарықтықтардың талаптілектеріне орай, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
АХАТОВ ШИЕЛІНІ ТАЗАРТЫП ЖҮР
Шиелі ауданы әкімі Нұржан Ахатов аудан орталығында жүргізіліп жатқан санитарлық-тазалық жұмыстарын аралады.
Кент орталығының Шоқай, Кәрімбаев, Жүргенов,Жайлыбаев, ӘлФараби, Досбол датқа, Абай, Қонаев, Абылайхан, Сейфуллин, Дәулеткерей, Яссауи, Байтұрсынов көшелерін және кентінің теріскей беткейінде орналасқан Шанхай тұрғын ауданындағы көшелерінде жүргізілген тазалық жұмыстарын көрді. Көше бойларында жатқан тұрмыстық қатты қалдық заттарды, жарық бағаналарының түнгі мезгілде тұрақты жанып тұруын, электр желілері мен жасыл желектердің түптерінің біркелкі түсте болуын және жол бойындағы, арық жағасындағы шөптерді тазартуды, аула бойындағы үйінді тастарды және жеке секторлардың алдарындағы құрылыс материалдарын алдырып, кенттің көркейтукөгалдандыру мен санитарлық-тазалық жұмыстарын күнделікті бақылауға алып, тиісті шаралардың сапалы орындалуын қатаң тапсырды. Мұнан бөлек аудан басшысы аралау барысында №45 Ақорда мектеп-гимназиясының ауласындағы тазалық жұмыстарын сынға алып, аудандық білім бөлімінің басшысы Қ.Әмзеевке орын алған кемшіліктер бойынша 1 апта мерзім ішінде ретке келтіруді қатаң тапсырды.
Аудан әкімінің бастамасымен аудан орталығында санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
СЕРМАҒАНБЕТОВ ЖҮН ТҮТІП, ТЕРІ ӨҢДЕЙДІ?
Арал ауданы әкімі С.Сермағанбетов халықпен кездесуін бастады. Алдымен Аққұм және Сазды ауылдық округтеріне барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Ауыл халқымен өткен кездесуде аудан басшысы жыл басынан бері өңірдегі атқарылған жұмыстарды баяндап, жүзеге асырылып жатқан ірі жобалар жөнінде тоқталып өтті. Ауданда кварц құмын байыту цехі жұмыс жасап тұрса, «Аралтұз» АҚ қап шығару өндірісін іске асыру, мұнан өзге мал бордақылау алаңын ашу, қаптама кірпіш өндіру, жүн және теріні алғашқы өңдеу сынды жобалар қолға алынуда. Сонымен бірге өлкедегі оң өзгерістерді айтып, алдағы жоспарлармен де бөлісті. Шижаға елді мекеніне газ желісін тарту жоспарлы жұмысы Сексеуіл кентінен кейінгі кезектілікте тұрғанын жеткізді. Аққұм ауылдық округінің халқы тарапынан айтылған балабақша қажеттілігіне байланысты алдымен аудандағы апатты жағдайдағы балабақшалар мәселесін шешу жұмыстары жасалып жатқанын түсіндірді. Дегенмен бұл мәселе назардан тыс қалмай жеке кәсіпкерлерді тарту арқылы өзге де мүмкіндіктер қарастырылатынын айтты.
Кездесуде қозғалған тағы бір мәселе иесіз жүрген малдың автокөлік жолына шығып кетуі салдарынан қауіпті жағдайлар орын алу қаупі басым екендігі айтылды.
Сазды елдімекеніне кіре беріс автожолын орташа жөндеуден өткізу үшін республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға жол жөндеу жұмыстары басталды. Ауыл тұрғындары бұған қуанышты екендіктерін айтып, ризашылықтарын жеткізді.
Толығырақ «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар