ОТАНДЫҚ БИЗНЕС ӨРКЕНДЕЙДІ

«AMANAT» партиясының Қызылорда қалалық филиалының жанынан құрылған ақпараттық насихат тобының өкілдері Жорабек Нұрымбетов пен Шәріп Әбдірахманов Қызылорда облыстық Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлерімен кездесті.
Кездесуде Мемлекет басшысының Жолдауындағы кәсіпкерлікті жүйелі түрде дамыту мен қолдау мәселесі сөз болып, осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар ортаға салынды.
Шарада сөз алған Шәріп Әбдірахманов кез-келген бизнес үшін инвестиция құюға болатын қолайлы жағдай, ашықтық пен кәсіпкердің мүддесін қорғайтын заңнаманың болуы өте маңызды екендігіне тоқталды.
«Қазіргідей күрделі геосаяси жағдайда мемлекеттің ішкі саяси реформаларының орнықтылығы аса қажет мәселе. Жалпы, экономиканы дамыту, индустриалды-инновацияға бет бұру, шикізатқа тәуелділіктен арылу негізгі мақсаттар. Жолдауда баса айтылған дүниелердің бірі – елдегі еңбек өнімділігін көтеру. Бизнестің бәсекелестігін арттыра отырып, халықты жұмыспен қамтудың өзектілігі айтылды. Шикізатқа әлі де тәуелдіміз, еңбек өнімділігі төмендігі, инновация жеткіліксіздігін ескере отырып, оны шешудің нақты жолдарын көрсетті. Және де Мемлекет басшысы отандық бизнес үшін күрделі мәселелердің бірі – несие ресурстарының жетіспеушілігіне тоқталды. Ұлттық банк, Қаржыны реттеу агенттігі, Үкімет нақты секторды тұрақты және қолжетімді несиелеуді қамтамасыз ету үшін нақты шешімдер табуы керектігін атап өтті. Бұл жұмыстар алдағы уақытта отандық бизнесті дамытуға ықпал етеді»,- деді Шәріп Әбдірахманов.
Ақпараттық насихат тобының мүшесі Жорабек Нұрымбетов Мемлекет басшысының әділетті Қазақстанды құру жолындағы көтерген негізгі бастамалары мен салмақты ойлары мемлекетіміздің өркендеп дамуына тың серпін беріп қана қоймай, жаңа мүмкіндіктер мен қоғамдық маңызды мақсаттарға жол ашатынын атап өтіп, салық төлемдерін арттырған кәсіпорындарға қолдау көрсету мемлекеттің негізгі талабы болатындығын жеткізді.
Жиынға қатысушылар да өз пікірлерін білдіріп, мемлекеттің қазіргі қолдауларының арқасында отандық бизнес пен шағын кәсіпкерліктің жақсы дамып келе жатқандығын атап өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған