Бүгін «AMANAT» партиясының Қызылорда қалалық филиалы жанынан құрылған ақпараттық насихат тобының мүшелері Баекеев Мақсұт пен Назаров Есенжол ҮЕҰ мүшелерімен кездесіп Президент Жолдауынан туындайтын міндеттер мен жоспарлар жайлы талқылады.

Жиын барысында Жолдауда жүктелген міндеттер мен келер уақытта жүзеге асырылатын жұмыстар жайы айтылды. Соның ішінде шетелден келетін көліктерді елімізде тіркеудің жеңілдетілуі және шетел көліктеріне төленетін салықтың едәуір төмендеуі айтылды.

ҮЕҰ өкілдерімен кездесуде «AMANAT» партиясының Қызылорда қалалық филиалы жанынан құрылған ақпараттық насихат тобының мүшесі Есенжол Назаров :

– 2024 жылдан бастап Ұлттық қорға түсетін үлестің 50 пайызы балалардың шотына кәмелет жасқа толғанға дейін түсіп отырмақ. Бұл мәселе жолдауда баса айтылды. Бірақ, 18 жасқа дейін шотта нақты қанша жиналатынын сарапшылар әлі де нақ басып айта алмай отыр. Себебі, ақша құнының өсіп-түсуі, банктен түсетін пайыздардың барлығы үлкен рөл ойнайды-деді.

Кездесу барысында қалалық мүгедектер қоғамының өкілдері мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы орта қалыптастыру, қоғамдық көліктерді соларға бейімдеу, мемлекет тарапынан төленетін жәрдемақының көлемін ұлғайту сынды мәселелерді қозғады.Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласына қатысты бірнеше ұсыныс пікірлер талқыланды.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған