Бүгін «AMANAT» партиясының Қызылорда қалалық филиалы жанынан құрылған ақпараттық насихат тобының мүшесі Назаров Есенжол М.Мәметова атындағы жоғарғы педагогикалық колледж студенттерімен кездесті.Кездесу барысы «Жастар және бизнес» тақырыбында өрбіді.
Мемлекет басшысы жастар бастамаларын оның ішінде, кәсіптік, білім, шығармашылық бағыттарды қолдау керектігін салалық басшыларға тапсырды. Бұл тұрғыда аймақ және облыс орталығында жастарды қолдау шаралары ұдайы жүзеге асып келеді.Жиын барасында Назаров Есенжол кәсіпкерлік саласы жайлы ой бөлісіп, жастардың тың серпін әкелетін жаңа толқын екендігін тілге тиек етіп, кәсіп бастауға ниетті студенттермен пікір алмасты. Қазіргі дамыған заманда кәсіптің де түрі көбейіп, жастарға бизнес бастауға мол мүмкіншілік жолдары ашылуда. Оның ішінде, мемлекет тарапы шағын және орта бизнес, қарапайым заттар экономикасының ілгері дамуына зор мүмкіндіктер ұсынуда.
Айта кетейік биылғы жылдың өзінде Қызылорда қаласы бойынша «Бақытты отбасы» орталығы тарапынан 814 азаматқа грант беру қарастырылған. Бұл өз кезегінде, кәсіп бастауға демеу болмақ.