Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңестің отырысын өткізді.
Жиында Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру барысы қаралды.
«Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында қоршаған ортаны қорғау, табиғи байлыққа ұқыпты қарау әр азаматтың басты міндеттерінің бірі ретінде бекітілген. Жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру – ел қызметінің негізгі қағидаты. Осыған байланысты, Мемлекет басшысының “Таза Қазақстан” бастамасы Конституцияда белгіленген негізгі қағидат ретінде бірізділікпен жүзеге асырылуда.
Біздің осы қағидатты ұстануымыздың жарқын мысалы ретінде экологиялық мәселелерді бірлесіп шешуге қоғамның барлық өкілін, еріктілер мен бизнесті тарту бойынша ауқымды жұмыс болды. Біз табиғатқа ұқыпты қарау және тазалықты сақтау Қазақстанның әрбір азаматы үшін ішкі қажеттілік пен күнделікті өмір нормасына айналғанын қалаймыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің деректері бойынша, жыл басынан бері «Таза Қазақстан» аясында елімізде 1 млн-нан астам ағаш отырғызылып, 4 млн-нан астам адамның, оның ішінде 510 мың еріктінің қатысуымен 200-ден астам экологиялық іс-шара өткізілді. Республика бойынша 76 мың гектардан астам аумақ тазартылып, 413 мың тонна қалдық жиналды және шығарылды. Сондай-ақ115,7 мың тонна қалдық қайта өңдеуге жіберілді.
Жалпы, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысы бастау алған үш жыл ішінде елді мекендерде 5,6 млн-нан астам ағаш отырғызылып, мемлекеттік орман қоры аумағында 1 млрд-тан астам көшет пен жас шыбық егілді.
Премьер-министр бірқатар өңір әкімдерінің есептерін тыңдады.
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков жыл басынан бері 900 гектардан астам аумақ тазартылып, 3,5 мың тонна қатты тұрмыстық қалдық шығарылғанын баяндады. Биыл 30 мың ағаш отырғызу жоспарланса, көктемгі кезеңде 19 мың көшет пен бұта отырғызылды. Өңірде 2027 жылға дейін қағаз және резеңке қалдықтарын қайта өңдеу цехын іске қосу жоспарланып отыр.
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің баяндамасына сәйкес, өңірде 332 мыңнан астам ағаш отырғызылды. 3 мыңнан астам экологиялық акция мен сенбілікке 355 мыңнан астам тұрғын қатысып, 1,2 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде, 380 тонна қоқыс шығарылды. «Түркістан» экобағы ашылды, қуаттау стансаарымен жабдықталған 33 электр автобус пайдалануға берілді.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов өңірде 22 мың тоннадан астам қоқыс шығарылғанын баяндады. Облыста Өскемен қаласындағы «Таза Қазақстан», «Қайыңды тоғай», «Жасыл аймақ» және «Таулы Үлбі» секілді ірі экопарктер құрылуда. Жалпы экологиялық акцияларға 330 мыңнан астам адам және 19 мың ерікті қатысты.
Премьер-министр «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы бір реттік экологиялық акциялар форматынан экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, азаматтардың қоршаған ортаның жай-күйіне деген жауапкершілігін арттыру және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған дәйекті мемлекеттік саясатқа айналғанын атап өтті.
«Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасын жүзеге асырудың тиімділігі өткізілген іс-шаралар санымен емес, елді мекендердің жағдайының, халықтың экологиялық мәдениеті деңгейінің нақты өзгерістерімен және қол жеткізілген нәтижелердің тұрақтылығымен бағаланады.Бұған қол жеткізу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдар елді мекендерді абаттандыру, экологиялық құқық бұзушылықтардың алдын алу, тиісті инфрақұрылымды, оның ішінде қалдықтарды қайта өңдеу объектілерін дамытумен байланысты жүйелі жұмыс істеуі қажет», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Премьер-министр: барлық мемлекеттік органдарға тұжырымдамада көзделген барлық іс-шараның сапалы әрі уақтылы жүзеге асырылуын, сондай-ақ белгіленген нысаналы көрсеткіштердің толық орындалуын қамтамасыз етуді;
«Таза Қазақстан» бастамасы аясындағы іс-шараларға жастар, волонтерлік ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер мен бизнестің қатысуын