ЖҰРТҚА ЖАҒЫНАМЫН ДЕП…

ЕРСҰЛТАНОВ ҚАУЫНҒА
ҚУАНЫП ЖҮР

Қармақшы ауданының әкімі Әділбек Ерсұлтанов Ақжар ауылдық округінде есепті кездесу өткізбес бұрын осы елді мекендегі №28 орта мектептегі жасалып жатқан күрделі жөндеу жұмысымен танысты.

Биыл №28 орта мектеп күрделі жөндеуден өтіп жатса, келер жылы дәрігерлік амбулатория құрылысы басталады. «Ұзақ жылдардағы стратегиялық жоспарларға иек артатын болсақ, дарияны кесіп өту арқылы, «Батыс Қытай – Батыс Европа» автодәлізінің бойында жатқан елді мекендерді газдандыру мәселелері қозғала бастады, бұл үшін жобалау құжаттары демеушілердің көмегімен жасалуда. Осы құжаттар мемлекеттік сараптамадан өткен жағдайда, аталған ауылдарды газдандыруға мемлекеттен қаржы сұралатын болады» -дейді аудан әкімі. Байқоңырдың іргесінен орын тепкен алақандай Ақай ауылы тұрғындарымен де кездескен Ә. Ерсұлтанов «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 3 көшенің жөнделетін қаржысын бөлу қолдау тауып отыр. Сондай-ақ Төретам-Ақай айналма жолына күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу үшін аудандық бюджеттен қаражат қаралып, сметалық құны анықталғаннан кейін қаржыландыруға ұсынылатын болады» деп ауылдықтарды қуантып қойды.

ІІІ Интернационал ауылына келген аудан басшысы елді мекенде жеке кәсіп бастаған азаматтармен жүздесті. Ауыл тұрғыны Әли Махамбетов мал бордақылау алаңын ашқан. Одан бөлек жергілікті халық автокөліктен ақау шықса, ат арытып ауданға немесе облыс орталығына бармай, ауылдағы Аслан Дямуршаевтың автокөлік жөндеу орталығына бас сұғады. Ауылындағы спорт кешені құрылысының жобасметалық құжаттамасын сараптамадан өткізуге аудандық бюджеттен 2,5 млн теңге бөлініп, жобасметалық құжаттамасы әзірленіп, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында қаржыландыруға бюджеттік өтінім тапсырылды. Сонымен қатар, «Достық Жер МК» ЖШС демеушілігі есебінен 400 орындық тойхана салу жоспарлануда. Мұның барлығы аудан экономикасын, қала берді облыстың әлеуметтік-экономикалық ахуалының жақсаруына тың серпін бермек. Бүгінде Жосалы халқы егін және мал шаруашылығымен айналысады. Жеке тұрғындар 40 гектар егін екті. Бұл өз кезегінде көкөніс өнімдерінің нарықтағы бағасын тұрақты ұстап тұруға үлкен сеп болмақ. Елді мекендегі «Дәуіт» шаруа қожалығының егіс алқабына ат басын бұрған аудан әкімі дала диқандарының еңбегін тамашалады. Дәуіржан Қалдашбаев басқаратын «Дәуіт» шаруа қожалығы биыл 465 гектар егін екті, оның ішінде 270 га күріш, 20 га жаздық бидай, 10 га картоп, 5 га көкөніс, 20 га бақша, 55 га жаңа жоңышқа, 85 га ескі жоңышқа егілген. Мұнда 21 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Төретамдықтарды мазалаған жол мәселесі де шешімін таппақ. Төретам кентіндегі 5 көшені жарықтандыруға қаржы бөлініп, бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Аудан әкімі Әділбек Ерсұлтанов ел алдында есеп беру жиынын аудан орталығы Жосалы кентінде қорытындылады Аудан басшысы өңір экономикасы мен халықтың тұрмыс-тіршілігін арттыруға бағытталған жұмыстар жалғасын таба беретінін жеткізіп, әрі қарай тұрғындардың қойған сұрақтары мен ұсыныс-пікірлеріне жауап берді. Сұрақ-жауап кезінде көше бойындағы жарық шамдардың толық әрі дұрыс жанбауы, жолдарды жөндеу бойынша сұрақтар талқыға түсті. Айтылған мәселелерге орай аудан әкімі тиісті бөлім, мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріді. Жиын соңында аудан тұрғындары табысты атқарылған жұмыстарға оң бағаларын беріп, аудан әкімінің алда атқарылатын жұмысына сәттілік тіледі.

ТІЛЕУІМБЕТОВ КОНЦЕРТ ҚОЙЫП ЖҮР

Жаңақорған ауданы әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетовтің бастамасымен жергілікті кәсіпкердің демеушілігімен Жаңақорған кенті, Қорасан Ата көшесінің бойында (жер көлемі 2 гектар) үлкен заманауи үлгідегі саябақтың құрылысы жүргізілуде.

Саябақтың ашылуы осы жылдың қазан айына жоспарлануда. Саябақта, яғни демалыс орнында субұрқақ, түрлі аттракциондар, мәдени шаралар үшін ашық сахна, спорттық алаң, жүгіру және вело алаңы, неке қию орны болады. Сондай ақ, саябақ ішіне көгал және саялы, сәнді ағаштар егіледі.

Сондай-ақ Мұрат Жолкелдіұлы барлық кент, ауылдық округтерде тұрғындар үшін мәдени- спорттық шараларды ұдайы өткізуді тапсырған. Бүгінгі күні ауыл тұрғындарының бос уақытын тиімді өткізу үшін ауылдарда “Ауыл кеші көңілді” мәдени ісшарасы өтуде. Әр апта сайын әр ауыл ретро концерттер тамашалауда.

ОРАЗБАЕВ ШАТЫРҒА ШЫҚТЫ

Осыдан біршама уақыт бұрын Қазалы ауданы әкімі М.Оразбаевтың жеке қабылдауында көпқабатты үйде тұратын тұрғындар жаңбыр жауған уақытта пәтерлерінің төбесінен су ағатынын айтып, көмек көрсетуді сұраған болатын.

Сол уақытта аудан басшысы тұрғындарға азаматтардың жеке мүлкін жөндеу үшін мемлекеттік бюджеттен қаржы қарастырылмайтынын түсіндірді. Дегенмен, бұл мәселені көзбен көру үшін арнайы барып, мүмкіндігіне қарай көмек көрсететінін айтқан болатын.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап Әйтеке би кентіндегі В.Счастнов көшесінің бойында орналасқан көпқабатты үйге арнайы барып, тұрғындар көтерген мәселені көзбен көрді.

Көпқабатты үйдің шатырына көтеріліп, тұрғындар мәселесін сала мамандарымен сол жерде талқылаған Мұхтар Әуесұлы Әйтеке би кентінің әкімі мен тиісті сала басшыларына кәсіпкерлердің демеушілігімен тұрғын үйдің төбесін жабу жолдарын қарастыруды тапсырды.

Толығырақ «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған