МӘМС жүйесінде жаңа туған сәбидің сақтандырылу мәртебесі қалай беріледі және жүкті әйел неліктен бұл жүйеден тыс қалуы мүмкін? Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы Айгүл Аханова халықтан түскен осы және басқа да сұрақтарға жауап береді.

– Жаңа туған нәресте сақтанды­рыл­ған мәртебеге қашан ие болады?

– Бала дүниеге келгеннен кейін ол туралы мәліметтер мемлекеттік ақпа­раттық жүйелер арасында бері­леді. Осы деректер негізінде бала балалар жеңілдік санатына енгізі­леді, ал Saqtandyrý жүйесіндегі МӘМС мәртебесі автоматты түрде жаңар­тылады.

Егер мәртебе көрсетілмесе, баланың мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі деректерінің өзектілігін тексеру қажет. Бұл үшін тиісті мемлекеттік органдарға, ең алдымен, Әділет министрлігіне жүгіну ұсынылады. Себебі бала туралы мәліметтер Жеке тұлғалардың мемле­кеттік дерекқорынан беріледі.

Балалар санатын қалыптастыру Әлеуметтік медициналық сақтандыру корының құзыретіне кірмейді.

Мемлекеттік органдар  деректерді өзектендіргеннен кейін МӘМС мәрте­бесі автоматты түрде жаңартылады.

Егер бала шетел азаматы болса, қазақстандық үлгідегі туу туралы куә­лікті алу оның Қазақстанда тұрақ­ты тұратын шетелдік мәртебесін авто­матты түрде алуын білдірмейді. Мұндай мәртебені рәсімдеу үшін тұрғылықты жері бойынша көші-қон қызметінің бөлімшесіне жүгіну қажет.

– Неліктен жеке кәсіпкерлік қыз­меті тоқтатылғаннан кейін жұмыс істемейтін жүкті әйел мәртебесі қайтарылмайды?

– Мәртебе мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі деректер негізінде авто­матты түрде қалыптастырылады.

ЖК жабылғаннан кейін тиісті мәлі­меттер жүйеге түсуі қажет. Сол кезеңде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен әлеуметтік аударымдардың бар-жоғы тексеріледі.

Тиісті төлемдер болмаған жағдайда жұмыс істемейтін жүкті әйел мәрте­бесі автоматты түрде беріледі.

МЗЖ, әлеуметтік аударымдар бол­ған немесе қолданыстағы ЖК тіркел­ген жағдайда бұл жеңілдік санаты берілмейді.

Маңызды: Қор бұл мәртебені өзі та­ғайындамайды және алып тас­тамай­ды. Егер жеке кәсіпкерлігіңіз жабылған болса, бірақ мәртебе өз­гер­месе, дерек­терді тексеру және өзек­тендіру үшін жүктілік бойынша есепте тұрған меди­циналық ұйымға жүгіну қажет.

– МӘМС жүйесінде төлемді уақы­тында жасамаған жағдайда не істеу керек?

Ең алдымен «сақтандырылған» мәртебеңізді eGov Mobile, Saqtandyry мобильді қосымшалары немесе Қор­дың ресми сайты арқылы тексеріп алу қажет.

Егер жарналарды өзіңіз төлейтін болсаңыз, өткізіп алған төлемді өтеңіз. Төлем түскеннен кейін ақпарат әдетте автоматты түрде жаңартылады.

Жалдамалы жұмыскерге жұмыс берушінің орнына жарнаны өз бетінше төлеудің қажеті жоқ. Төлемнің түспеу себебін анықтау үшін бухгалтерияға хабарласқан жөн.

Егер мәртебе өзгермесе, дерек­терді тексеру үшін 1414 нөміріне неме­се тұрғылықты жеріңіз бойынша Әлеу­меттік медициналық сақтандыру қорының филиалына хабарласыңыз.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған