▪️Қызылорда облыстық сотында «Азаматтық құқық және процесс» секциясы бойынша семинар өткізілді.
▪️Семинарға Қызылорда облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы С.Абызбаева, облыстық соттың судьялары, қалалық соттардың төрағалары мен судьялары, сонымен қатар, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары бейнебайланыс арқылы қатысты.
▪️Семинарды сот алқасы төрағасының міндетін атқарушы С.Абызбаева ашып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, көтеріліп отырған мәселелердің маңыздылығына тоқталды.
▪️Қызылорда қалалық сотының судьясы Н.Жунисова «Соттардың ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау жөніндегі заңнаманы қолдануы» тақырыбында баяндама жасап, бірқатар мәселелерді атап өтті.
▪️Қызылорда облыстық сотының судьясы Н.Еламанов азаматтық істер бойынша жасалған талдауларға тоқталды.
▪️Семинар соңында қатысушылар көтерілген мәселелер бойынша өзара пікір алмасты.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі