Кейде қызметте, жұмыс барысында, жеке өмірде шешімді қалай қабылдаған дұрыс немесе маңызды жобаларды нәтижелі жүзеге асыруда қандай бағыт тиімді екенін әркімнің жұлдызы бағдарлайды. Күздің берекелі екінші айында біраз адамды жақсылық күтіп тұрған секілді. Толығырақ әркімнің өз жұлдызы жеткізсін.

ТОҚТЫ

Жалпы: Қазан Тоқтылар үшін қозғалыс пен шешім қабылдау айы болады. Бұрын кейінге қалдырылған шаруаларды қолға алып, жақсы нәтижеге жетуге мүмкіндік туады. Айдың алғашқы бөлігінде асығыстықтан сақ болған жөн. Бір мәселені тез шешемін деп, қосымша қиындық туғызбауға тырысыңыз.

Жұмыс және мансап: Қызметте жаңа міндет немесе жауапкершілік пайда болуы мүмкін. Өз идеяңызды ұсынуға қолайлы кезең. Басшылықпен немесе әріптестермен пікір қайшылығы туындаса, эмоцияға берілмей, нақты дәлелге сүйенген дұрыс. Айдың екінші жартысында бұрынғы еңбегіңіздің нәтижесі көрінуі ықтимал.

Қаржы: Ақша мәселесінде тұрақтылық сақталады, бірақ қазанның басында жоспарланбаған шығын болуы мүмкін. Үлкен сатып алуды асықпай жасаған жөн. Қосымша табыс көзі туралы ұсыныс түсуі ықтимал.

Махаббат: Бойдақ Тоқтылар үшін жаңа таныстық болуы мүмкін. Қарым-қатынаста жүргендер үшін ашық сөйлесу маңызды. Қызғаныш немесе бір-бірін түсінбеу уақытша шиеленіс тудыруы да ғажап емес.

Отбасы: Үлкендердің кеңесіне құлақ асатын кезең. Үйге қатысты мәселе немесе жөндеу, сатып алу туралы әңгіме көтерілуі мүмкін.

Айдың соңғы бөлігі: Маңызды шешім қабылдауға қолайлы уақыт. Бір істің нақты бағыты айқындала түседі.

ТОРПАҚ

Жалпы: Қазан Торпақтарға тұрақтылық пен жинақылыққа мән беретін ай. Жыл басын да бас таған ісіңіздің нәтижесін бағалап, әрі қарай ғы жоспарыңызды өзгертуге тура келуі мүмкін.

Жұмыс: Іскерлік байланыстар күшейеді. Бұрын таныс болған адамнан ұсыныс келуі ықтимал. Қызмет ауыстыру туралы ой болса, шешімді асықпай қабылдаңыз.

Қаржы: Қаржылық тұрғыдан қолайлы ай. Дегенмен табыс көбейген сайын шығынды да көбейтпеуге тырысыңыз. Жинақ жасауға жақсы уақыт.

Махаббат: Тұрақты қарым-қатынас тағы Торпақтар үшін сезім тереңдей түседі. Жалғыз жүргендер күтпеген жерде жаңа адаммен танысуы мүмкін. Бұрынғы таныс қайта байланысқа шығуы да ықтимал.

Отбасы: Үй ішіндегі қарым-қатынас жылы болады. Туыстармен кездесулер көбейеді.

 Денсаулық пен көңіл-күй: Демалыс пен ұйқы режиміне көңіл бөліңіз. Шамадан тыс жұмыс шаршауға әкеледі.

ЕГІЗДЕР

 Жалпы: Қазан сізге жаңа адамдар, жаңа ақпарат және жаңа мүмкіндіктер әкеледі. Бір мезетте бірнеше іске кірісіп кету қаупі бар.

Жұмыс: Келіссөздер, құжаттар, кездесулер және сапарлар көбейеді. Ақпаратпен жұмыс істейтін адамдар үшін өнімді кезең.

Қаржы: Қосымша табыс әкелетін жаңа жоспар пайда болады. Алайда тез пайда табуға уәде берген ұсыныстарды мұқият тексеріңіз.

Махаббат: Сезім мәселесінде таңдау жасауға тура келуі мүмкін. Қарым қатынаста жүргендер серігімен болашақ туралы маңызды әңгіме жүргізеді.

 Отбасы: Туыстар арасында сіздің көмегіңізге мұқтаж адам болуы ықтимал.

Айдың екінші жартысы: Бұрын тоқтап қалған келісім немесе жоба қайта жанданады.

ШАЯН

Жалпы: Қазан Шаяндарға ішкі өзгерістер әкеледі. Өткен мәселелерге қайта қарап, кейбір адамдармен арадағы қарым қатынасты қайта бағалайсыз.

Жұмыс: Бір істің аяқталуы екіншісінің басталуына жол ашады. Басшылықпен сөйлесуге қолайлы кезең.

Қаржы: Ақша уақытылы түскенімен, отбасыға байланысты шығын көбейеді. Қаржыны игеруді алдын ала жоспарлаған жөн.

Махаббат: Сезімталдық артады. Жақын адамыңыздан қолдау күтесіз. Қарым қатынаста ашықтық маңызды.

Отбасы: Үй, ата-ана немесе туыстарға қатысты маңызды мәселе шешілуі мүмкін.

Ай соңында: Жаңа жоспар пайда болады. Бір сапар немесе маңызды кездесу болады.

АРЫСТАН

Жалпы: Қазан Арыстандар үшін өзін көрсетуге мүмкіндік беретін ай. Қоғамдық ортада беделіңіз артуы мүмкін.

 Жұмыс: Жетекшілік қабілетіңіз қажет болады. Жаңа жоба немесе жауапты тапсырма ұсынылуы ықтимал. Бірақ барлығын жалғыз атқаруға тырыспаңыз.

Қаржы: Қосымша кіріс болуы мүмкін. Үлкен сатып алуды айдың екінші жартысына қалдырған дұрыс.

Махаббат: Романтикалық көңіл күй күшейеді. Бойдақтар үшін қызықты таныстыққа, жұптар үшін бірге саяхаттауға немесе ортақ жоспар құруға қолайлы мүмкіндік уақыты.

Отбасы: Жақындарыңыз сіздің назарыңызды күтеді. Уақытыңыздың басым бөлігін жұмысқа ғана арнап, отбасыңызды назардан тыс қалдырмаңыз.

БИКЕШ

Жалпы: Бикештер үшін қазан — тәртіп пен жоспарлау айы. Ұсақ-түйекке көп алаңдамай, басты мақсатқа назар аударған жөн.

Жұмыс: Құжаттар, есеп, келісімшарттар мен ұйымдастыру жұмыстары көбейеді. Мұқияттылығыңыз үлкен артықшылық болады.

Қаржы: Жинақ жасауға қолайлы уақыт. Бұрынғы қарызды жабуға немесе қаржыны орынды игеруге әрекеттенген дұрыс.

Махаббат: Қарым-қатынаста шынайы әңгіме маңызды. Кейбір Бикештер өткен шақтағы адам туралы шешім қабылдауы мүмкін.

Отбасы: Үй ішіндегі бір мәселені ретке келтіруге тура келеді.

Айдың соңы: Еңбегіңіздің жемісін көресіз.

ТАРАЗЫ

Жалпы: Қазан Таразылар үшін қарым-қатынас пен таңдау айы. Бірнеше маңызды мәселе қатар шешілуі мүмкін.

Жұмыс: Әріптестермен ынтымақтастық жақсы нәтиже береді. Жалғыз әрекет еткеннен гөрі серіктестік пайдалы болуы мүмкін.

Қаржы: Кіріс пен шығыс арасындағы тепе теңдікті сақтаңыз. Біреуге ақша қарызға берер алдында жақсылап ойланыңыз.

Махаббат: Сезім мәселесінде анықтық пайда болады. Жұбы жоқ Таразылар үшін жаңа таныстық болуы мүмкін.

Отбасы: Туыстар арасында бітімгерлік рөл атқарасыз.

Туған күн кезеңі: Өзіңізге жаңа мақсат қоюға қолайлы уақыт.

САРЫШАЯН

Жалпы: Қазан сізге жаңа кезеңнің басталуын сездіруі мүмкін. Бұрынғы мәселелерді артта қалдыруға әрекеттенесіз.

Жұмыс: Жасырын жүрген мүмкіндік тің ашылуына қолайлы кезең. Ұсыныс түссе бірден қабылдамай, шарттарын мұқият зерттеңіз.

Қаржы: Ақша мәселесінде сақтық керек. Қазанның екінші жартысында жағдай жақсаруы мүмкін.

Махаббат: Сезім жоғары деңгейде болады. Екінші жартыңызды еріксіз қызғану мен үнемі бақылауға алудан сақ болған жөн.

Отбасы: Бұрын айтылмай жүрген мәселе талқыға түсетін сәт. Ашық сөйлесу жағдайды жеңілдетеді.

 Айдың соңы: Жеке өмірде немесе жұмыста маңызды шешім қабылданады.

МЕРГЕН

Жалпы: Қазан — қозғалыс пен жаңа мүмкіндік айы. Сапар, оқу, жаңа орта немесе жаңа жоба болуы мүмкін.

Жұмыс: Мансапта алға жылжу үшін батылдық қажет. Өз идеяңызды қорғаудан қорықпаңыз.

Қаржы: Қосымша табыс көзі пайда болуы мүмкін, бірақ жоғары инвестициялы ұсыныстардан абай болған дұрыс.

Махаббат: Жаңа таныстықтың ықтимал дығы жоғары. Қарым-қатынаста жүргендер болашаққа бірге жоспар құрады.

Отбасы: Үйден алыста жүрген туыспен кездесуге немесе хабарласуға қолайлы кезең .

ТАУЕШКІ

Жалпы: Тауешкілер үшін қазан — еңбек пен нәтижеге бағытталған ай. Қазір жасаған әрекетіңіздің нәтижесі кейін көрінуі мүмкін.

Жұмыс: Жауапкершілік артады. Басшылық сіздің жұмысыңызды бағалауы мүмкін. Жаңа қызмет немесе жоба туралы ұсыныс болуы ықтимал.

Қаржы: Тұрақты кезең. Бірақ қомақты қаржыны бірден жұмсамаған жөн.

Махаббат: Сезімді сөзбен емес, әрекет пен көрсету маңызды. Қарым-қатынастағы салқындықты жылы әңгімемен шешуге болады.

Отбасы: Үйге қатысты маңызды сатып алу немесе жөндеу мәселесі көтерілуі мүмкін.

СУҚҰЙҒЫШ

Жалпы: Қазан айы Суқұйғыштарға жаңа идеялар мен жаңа таныстықтар әкеледі. Қалыптасқан тәртіптен шығуға деген ұмтылыс күшейеді.

Жұмыс: Технология, шығармашылық және жаңа жобаларға қолайлы уақыт. Қызықты ұсыныс болуы мүмкін.

Қаржы: Бірнеше табыс көзі туралы ой пайда болады. Дегенмен нақты есепсіз әрекет етпеңіз.

Махаббат: Кездейсоқ таныстық болуы мүмкін. Бұрыннан қарым-қатынаста жүрген дер ге еркіндік пен сенім мәселесі маңызды болады.

Отбасы: Жақын адамыңыздың жоспарына қолдау көрсету қажет болуы мүмкін.

БАЛЫҚТАР

Жалпы: Қазан Балықтарға ішкі тыныштық пен маңызды ойлану кезеңін әкеледі. Кейбір шешімдерді асықпай қабылдаған дұрыс.

Жұмыс: Шығармашылық қабілетіңіз ді пайдалануға мүмкіндік туады. Әріптестердің көмегін қабылдаудан тартынбаңыз.

Қаржы: Тұрақты болғанымен, эмоциямен сатып алуға бейімділік байқалуы мүмкін. Қаржы жоспарына мұқият болыңыз.

Махаббат: Сезімге бай кезең. Жаңа махаббат пайда болады немесе бұрынғы қарым-қатынастың қайта жанданатын уақыты. Жұптар үшін бір-біріне көңіл бөлу маңызды.

Отбасы: Үйдегі үлкендердің ақылы артық етпейді.

Ай соңында: Өзіңіз үшін маңызды бір шешімді қабылдайсыз.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған