Алматыда бірнеше күн бұрын америкалық танымал әртіс 50 Cent-тің концерті өтті, оған әр елден келген жанкүйерлер жиналды. Концерт, әсіресе павлодарлық Дархан Бегімтаев үшін естен кетпестей болды.
Әртіс концерт кезінде образдарын жиі ауыстырған. Бір кезде хип-хоп орындаушы басындағы аппақ кепкасын көпшілік тұрған жаққа лақтырып жібереді. Бас киімді 35 жастағы Дархан Бегімтаев қағып алған.
Бағалы сыйлықтың иегері атанған Дархан рэпэр жанкүйерлерінің назарына бірден ілікті. Адамдар сол күні кешке әлеуметтік желіден іздей бастаған.
35жастағы қазақстандық кепкені өзінде қалдыруға ұйғарыпты.
«Сату туралы ұсыныстар сағат сайын түсіп жатыр. Маған бір адам хабарласып, 20 миллион тенге ұсынды. Бас тарттым. Жаңа Hyundai көлігін де ұсынды, үлкен сомадағы ақшаны, сосын пәтерді ұсынды. Сату жоспарымда жоқ. Бұл естелік қой. Кепкені өзіме қалдырамын. Оған арналған шыны бокс сатып алыпта қойдым. Қазақстанда 50 Cent-тің кепкесі менде ғана бар, бұл керемет ғой»-деді Дархан.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған