Назарбаев университетінде оқитын әрбір студентке 240 мың доллар бөлінеді. Бұл туралы Қазақстан Жоғары оқу орындары қауымдастығының призенденті Рахман Алшанов айтты.
«Назарбаев университетінде бір студентке 240 мың доллар бөлінеді, ал Гарвардта бар болғаны 40 мың доллар. Былай алып қарасақ бізде алты есе жоғары болып отыр. Гарвардтан алты есе көп маман шығарып жатырмыз ба? Барлық ақша қайда кетеді? Тексеруші органдар осыны қадағалауы керек»,- деді ол.
Айтуынша, бір жатақхана салуға 2 млрд. тенге кетеді.
«Назарбаев университетінің жылдық бюджетінің жартысын үнемдейтін болса, 100 жатақхана салуға болатын еді. Ал 100 жатақхана деген 5 мың студенттің панасы. Сонда кешегі холтелдегідей оқиға болмайтын еді»,- деп толықтырды Алшанов.
Ақпарат көзі: adyrna.kz

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған