Сіздерді Сыр елінің бас шаһары – Қызылорда қаласының туған күніне арналған Гала-концертке шақырамыз!

9 қазан күні сағат 18:00-де Сол жағалаудағы «Қайсар-Арена» стадионында өтетін керемет кеште елімізге белгілі эстрада жұлдыздары Қазыбек Құрайыш, Alem, «КешYOU» тобы, Балжан Бидаш және Сыр таланттары, әнші-композиторлар Индира Елубаева мен Үкітай Ерниязов өнер көрсетеді.

Кеш тізгінін ұстайтын танымал теле-жүргізушілер – Ғалымжан Кеңшілік пен Мереке Жалғасова!

Керемет әндер, жанды музыка, жарқын шоу, мерекелік көңіл-күймен қаламыздың мерейлі мерекесін бірге қарсы алайық!

Көңілді кештен қалыс қалмаңыздар!

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған