Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Alternativa киноконкурсында түсірілген видеомен бөлісті. Ол жерде inDriver такси қызметін ойлап тапқан кәсіпкер Арсен Томский Қазақстан азаматтығын алғанын айтып тұр.

«Үкіметтің шақыруымен Қазақстан азаматы болдым. Бұдан былай бәріміз отандас боламыз. Қолдау жасағаныңыз үшін рақмет! Мен Қазақстанда және одан тыс жерде тұратын адамдардың өмірін жақсартуға бар күш-жігерімді салатыныма уәде етемін», – деді Томский.

Ал министр Мусиннің айтуынша, әлемдегі ірі инвестордың бірі Қазақстан азаматы атанып қана қоймай, елімізге талантты мамандар тартып, жаңа технологиялар мен идеялар алып келді.

Бүгінде IT-бизнес өкілдерінің көбісі Astana Hub халықаралық технопаркке ауысып жатады. Ол жерде кәсіпті жүргізуге ыңғайлы жағдай жасалған. Салық жағынан жеңілдік бар. Оған қоса, визалық режим жеңілдетіліп отыр.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған