Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жанармай алымын негізсіз қолданғаны үшін әуе компаниясына 876 млн теңгеден астам айыппұл салды.
“Ұшақ билеттерін ұшу күні немесе таяу күндерде сатып алған кезде Air Astana жолаушылардың барлық санатынан 3500-ден 6500 теңгеге дейін жанармай алымын негізсіз алып, оны қолданудың мақсаты мен қағидатын іс жүзінде өз қалауынша реттегені анықталды”, – делінген хабарламада.

Біріншіден, 2023 жылғы 6 желтоқсаннан бастап жанармайға қосымша ақы қолдануды алып тастау (ұшу күніне қарамастан 6 желтоқсанға дейін жанармай алымы төленіп сатылған билеттерге қолданылмайды).

Мәселен, Астана-Алматы бағытындағы билеттің орташа бағасы қазіргі 28 435 теңгеден 24 435 теңге болады (баға 14%-ке төмендейді).
Алматы-Ақтау бағытында орташа баға қазіргі 37 568 теңгенің орнына 31 078 теңгені құрайды (баға 17%-ке түседі).

Екіншіден, әуе компаниясы 2024 жылдың соңына дейін ішкі бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдау қызметтерінің бағасын көтермеуге міндеттелді.

Үшіншіден, биыл және 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін Air Astana орташа және төмен бағамен сатылатын билеттерінің саны 70%-тен (яғни, Y, B, H брондау класының тарифтері бойынша тек 30%) төмен болмауға тиіс.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған