Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Байқоңыр қаласының басшысы Конс тантин Бусыгинмен кездесті.
Аймақ басшысы қала нысандарын жалға алуда Қазақстан мен Ресей арасында ынтымақтастық орнатыл ғанын атап өтті.
– «Қазақстандық тараптың қа ла ны күтіп-ұстауға және дамытуға қатысуы артып келеді. Жаңа көппәтерлі тұрғын үйлер салу жалғасып, инженерлік желі лер қайта жаңартылуда. Бай қоңыр қаласын дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасы бір лесіп іске асырылуда. Қаланы дамыту мәселелері менің жеке бақылауым да. Астана қаласында “Байқоңыр” кешені бойынша үкіметаралық комис сия жұмысына кірісті. Комис сия жұмысы қаланың одан әрі дамуына оң әсерін тигізетініне сенімдімін», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Өз кезегінде Байқоңыр қаласының басшысы облыс әкіміне қолдау көр сеткені үшін алғыс айтып, алдағы уақыт та да бірлесіп жұмыс жасауға ниет білдірді.
Кездесуде жылу беру маусымында тіршілікті қамтамасыз ететін Байқоңыр дағы нысандар жұмысы туралы айтылды.
Байқоңыр қаласы әкімшілігі мен Қазақстан Республикасының субъек тілері арасында әлеуметтік бағамен бөлінетін мазутты «Байқоңырэнерго» кәсіпорнына қажетті көлемде жеткізу мәселесі де талқыланды. Бүгінде бұл мәселені облыс әкімдігі және ҚР Энергетика министрлігі пысықтады. Қазір министрлік Байқоңыр қаласының қажеттіліктерін ескере отырып, облыс үшін мазут жеткізу көлемін ұлғайтатынын хабарлауда.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен актив отырысында әріптестері күні кешеге дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған Нұрымбет Сақтағановты жаңа қызметке құрметпен шығарып салды. 2022 жылдың маусым айынан бері облыс әкімінің орынбасары қызметін абыроймен атқарған Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
Аймақ басшысы Нұрымбет Аманұлына өңірдегі экономика, жұмыспен қамту, білім және денсаулық сақтау, соңғы уақытта құрылыс, автомобиль жолдары, бақылау салаларына жетекшілік жасағаны, тындырымды жұмыстар мен ілкімді жобалардың жүзеге асырылуына үлес қосқаны үшін алғыс білдірді.
– «Нұрымбет Аманұлын аймақ жұрты жақсы біледі. Ол мемлекеттік қызметтің барлық сатысынан өтті және қай қызметте де өзін білікті басшы, мықты ұйымдастырушы, жанашыр азамат ретінде танытты. Өздеріңізге белгілі, өткен жылдың қорытындысымен аймағымызда макроэкономикалық көрсеткіштердің жоғары өсімі қалыптасып, өңірлер арасында алдыңғы қатарға тұрақтадық. Былтыр облыс бюджеті 387,3 млрд.теңге көлемінде бекітілсе, жүргізілген ауқымды жұмыстардың нәтижесінде аймақ қазынасы 441,2 млрд.теңгеге жетіп, облысымызға бөлінетін субвенция көлемі 2 есе артты.
Биылғы облыс бюджеті 536,9 млрд. теңге көлемінде бекітілсе, 8 айдың қорытындысымен 67,2 млрд. теңгеге ұлғайып, 604,1 млрд. теңгені құрады. Ауқымды жұмыстар мен жүйелі жобаларды үйлестіруде, әріптестерімен бірге республикадан қаржы тартуда Нұрымбет Аманұлының елеулі еңбегі бар екенін атап өтуіміз қажет», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Нұрымбет Аманұлына Сыр жұртшылығы атынан Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды.
Актив отырысында мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев және облыстық мәслихат төрағасы Наурызбай Байқадамов Н.Сақтағановты құттықтап, жаңа қызметінде сәттілік тіледі.