Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Байқоңыр қаласының басшысы Конс тантин Бусыгинмен кездесті.

Аймақ басшысы қала нысандарын жалға алуда Қазақстан мен Ресей арасында ынтымақтастық орнатыл ғанын атап өтті.

– «Қазақстандық тараптың қа ла ны күтіп-ұстауға және дамытуға қатысуы артып келеді. Жаңа көппәтерлі тұрғын үйлер салу жалғасып, инженерлік желі лер қайта жаңартылуда. Бай қоңыр қаласын дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасы бір лесіп іске асырылуда. Қаланы дамыту мәселелері менің жеке бақылауым да. Астана қаласында “Байқоңыр” кешені бойынша үкіметаралық комис сия жұмысына кірісті. Комис сия жұмысы қаланың одан әрі дамуына оң әсерін тигізетініне сенімдімін», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Өз кезегінде Байқоңыр қаласының басшысы облыс әкіміне қолдау көр сеткені үшін алғыс айтып, алдағы уақыт та да бірлесіп жұмыс жасауға ниет білдірді.

Кездесуде жылу беру маусымында тіршілікті қамтамасыз ететін Байқоңыр дағы нысандар жұмысы туралы айтылды. Байқоңыр қаласы әкімшілігі мен Қазақстан Республикасының субъек тілері арасында әлеуметтік бағамен бөлінетін мазутты «Байқоңырэнерго» кәсіпорнына қажетті көлемде жеткізу мәселесі де талқыланды. Бүгінде бұл мәселені облыс әкімдігі және ҚР Энергетика министрлігі пысықтады. Қазір министрлік Байқоңыр қаласының қажеттіліктерін ескере отырып, облыс үшін мазут жеткізу көлемін ұлғайтатынын хабарлауда.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған