Тоқты. Наурыз 21 – сәуір 20.
Денсаулығыңызға мән беріңіз. Жаттығу залына барып, диета ұстауға тырысыңыз. Көңіл-күйіңіз көтеріліп қалады. Көңіліңіз қаламаса да, сол шаруамен айналысуға тура келеді. Әдетте айналаңызға жоқ деп айтуға жасқанбайтыныңыздай бұл жолы да бас тартарсыз. Айдың соңында көптен күткен қолдау бар.
Торпақ. Сәуір 21 – Мамыр 21.
Махаббат айы. Күмән мен күдікке бой алдырмаңыз. Есте қалар керемет сәттер көп. Көшбасшылыққа ұмтыласыз. Егер де достарыңыздан, көршілеріңізден, әріптестеріңізден кейін қалғандай сезінсеңіз жоғалтқан позицияңызды қайтару үшін жоспар құрыңыз. Айдың соңғы жағы жолға шығуға қолайлы. Ұйымдастыру қабілетіңіз шыңға шығып тұр. Ең бастысы керек-жарағыңыз бар шабаданыңызды ұмытпаңыз.
Егіздер. Мамыр 21 – маусым 21.
Айналамен қарым-қатынаста жол болғалы тұр. Қасыңыздағыларға қандай өтініш айтсаңыз да орындалады. Жаңа білім іздейсіз. Кітапханаға, лекцияға, сондай-ақ білімді адамдармен кездесуге көп уақыт жұмсайсыз. Айдың соңғы жағында өз жоспарыңыздан ауытқымаңыз. Басқалардың айтқанына ермеңіз. Қателіктер жіберіп аласыз. Уайымдамаңыз. Табысқа жеткенше өз бетіңізден қайтпаңыз.
Шаян. Маусым 22 – Шілде 22.
Өз ұнатқан адамыңыздың өзіңізге назар аударғанын қалайсыз. Одан қысыласыз. Сезіміңізді білдіруден қашпаңыз. Айналадағының бәрін бақылауда ұстай алатын ұйымдастырушылық қабілеттің арқасында жаныңыздағы жандардың қолдауына ие боласыз.
Шабытқа кенелесіз. Көптен бері жасырын суреткерлік талантыңыз жарыққа шығады. Ел назарында болсам деген тілегіңіздің орындалу мүмкіндігі бар. Жіберіп алмаңыз. Сақ қарап, кезі келген сәтте мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Айдың соңында көңіл-күйіңіз бұзылады. Логикаға, нақтылыққа сүйеніп, жеңіп шығасыз. Шындығында бұйыратын нәрсе кетпейді.
Арыстан. Шілде 23 – тамыз 23.
Бақталастыққа үйрене алмай келесіз. Дегенменен алда әлі талай бақталастар кедергі ететінін сезіп жүрсіз. Соңғы уақытта қиын кезеңдерді бастан өткерген достарыңыздың бірін қолдап, демеу көрсетесіз. Дәл қазір алғыс айтпағанменен, өзіңізде де қиындық болғанда сол жан осы жақсылығыңыздың өтеуі ретінде көмекке келеді.
Жеке өміріңізде жаңалық бар. Өзіңізге қызықты жанмен байланыс жасайсыз. Оның ойындағысын айтпай түсінесіз. Айдың соңғы жағында менмендікке, өкпеге бой алдырмаңыз. Жағымсыз жайлар орын алуы мүмкін. Өз табысыңызға өзіңіз мақтанып, мақтаншақ болмай, басқалардың өз жетістігіңізге назар аударуына мүмкіндік беріңіз.
Бикеш. Тамыз 24 – қыркүйек 23.
Әлеуметтік желіде көп отырып, жаңалықты құр жібергіңіз келмейді. Алайда, оған толық мүмкіндік те бола бермейді. Айналаңызға өз қабілетіңізді көрсеткіңіз келеді. Бірақ қорқасоқтайсыз. Өз табиғатыңызға жат әрекеттерге ерік беріп, ашуға бой алдырасыз. Негізі, шаршағанды басып, өмірден ләззат ала білу керек. Қуана білгенге не жетсін!
Таразы. Қыркүйек 24 – қазан 23.
Достарменен көп уақыт бірге өткізіп, армандарыңызды бөлісіп, бір рахат күй кешесіз. Дастархан – тек ас-ауқат қана емес, көңіл ажары, әдемі сұхбат, жақсы көңіл-күй.
Тартымды, сүйкімді көрінесіз. Айдың соңында жақсы жанға жолығасыз. Сенім білдіруге асықпаңыз. Алдымен оған сенім білдіруге болатындығына көз жеткізіңіз.
Сарышаян. Қазан 24 – қараша 22.
Жаңа, жақсы идеялар көп. Басшылыққа ұсынбас бұрын әбден қорытып алыңыз. Әріптестеріңізбен, немесе достарыңызбен ақылдасқанның артықтығы жоқ.
Әдемі, қымбат заттарды ұнатасыз. Айдың соңғы жағында көп шашылмаңыз. Көптен бері армандап жүрген затыңызды алу мүмкіндігі болса, онда да жеңілдікпен алуға болады. Әйтпесе, қолайлы сәтті күтіңіз. Түйсігіңізге сеніңіз. Жаңылыспайсыз.
Мерген. Қараша 23 – желтоқсан 21.
Қатты тәбетіңіз ашылады. Тойып жемеңіз. Тамақтан абай болыңыз. Қызметтен көтерілуге, немесе табысыңызды көтермелеуге дайынмын деп ойлайсыз. Алайда, өз-өзіңізге жарнама жасап, ұрандағаннан гөрі басшылықтың өзі назар аударғанын күтіңіз.
Айдың соңында достарыңыздың, әлде жақындарыңыздың бірі өткен шақтың келеңсіз оқиғасын еске салып, көңіл қобалжиды. Алайда, болған нәрсені қабылдай да білу керек. Бәріміз де қателесеміз. Содан да өткеннен қашқалақтамай, қайта қателікті мойындап, бірден өткен өмірді келмеске қалдырыңыз.
Тауешкі. Желтоқсан 22 – қаңтар 20.
Отбасында мәселе туындап тұр. Тез шешуге тырысыңыз. Өз міндетіңізді атқарып шығуға қосымша уақыт керек болса кезінде өзіңіздің қызметіңіз өткен жандардан көмек сұраңыз. Басқалай да мәселелерде, қаражат мәселесі болса да достар көмекке келеді.
Біреу сізді алдап соққысы келеді. Бірақ, арам ойын сезіп қоясыз. Алдағаны үшін әділ, қатаң жазалаңыз.
Беделіңізге ықпалы бар сынақтан өтесіз. Бақталастарыңызға жақсы сабақ бересіз. Айдың соңында өз сөзіңізге сенімді болыңыз. Керек адамға, қажет десе бүкіл әлемге әсер ету үшін сөз құдіретін пайдаланыңыз.
Суқұйғыш. Қаңтар 21 – ақпан 19.
Шабыттанып, атаққа кенелесіз. Әрине атақ, даңқ үшін жүргеніңіз жоқ. Бәрін білсем деген құмарлық – шабыт қайнары.
Әдетте адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай аласыз. Дегенменен ойдағыны жұртқа жеткілікті жеткізу үшін қосымша көмек керек. Өз қажетіңізге жарайтын адамды таба, таңдай біліңіз.
Айдың соңында қаржыңызды қатты қараңыз. Өз-өзін ақтамай тұрған активтерден құтылып, босаған қаржыны тиімді бастамаға салыңыз. Айдың соңында бүгіннен бөлек, ертеңгі күнді ойлауға, болашақты болжауға тура келеді. Сонда мақсат айқындалады. Өз тілегіңізді орындауға табандылық танытыңыз.
Балықтар. Ақпан 20 – наурыз 20.
Көптеген ерекше, күтпеген, түсініксіз жайлар орын алады. Бұрын болмаған, жаңа нәрсенің бәрін жақсы көретіндіктен бәрі де өзіңіз үшін тосын жай емес, өзіңізге қуаныш сыйлайды. Тіпті мистикалық, жұмбақ тақырыптардың, оқиғалардың өзі де сізді қызықтырады, түбіне дейін талдап, көбірек білгіңіз келеді.
Әңгіме сөзді, драмалық келіспеушіліктерді ұнатпайсыз. Айдың соңғы жағында ойда айқындық жоқ, бәрі бұлдырап тұр. Маңызды, нақты шешімдер қабылдауға асықпаңыз. Тәуекел етпеңіз. Әртүрлі мәселемен жағдай айтып, кеңес сұрап келушілер көп. Құрығанда көмектесе алатын адамға жол сілтеңіз.