Кітапхана автобустар бар…

«Қызылорда» автобус паркі» ЖШС «KitapAl» кітап дүкенімен бірлесе отырып халықты көркем әдебиет оқуға баулу мақсатында қаланың қоғамдық көліктерінде алғаш рет жылжымалы электронды кітапханаларды іске қосты.

Қазіргі таңда электронды кітапханалар «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-не қарасты қоғамдық көліктерде орнатылған. Кітап оқу үшін жолаушылардың смартфондары ғаламтор желісіне қосулы болса болғаны.

QR кодтары бойынша кітап оқу опциясы 16 бағыт (№1, 3, 11, 12, 14, 15, 17, 18, 19, 20, 22, 25, 28, 29, 30, 31) бойынша жолаушыларды тасымалдайтын автобус салондарында қолжетімді.

Қазақ, шетел әдебиеті классиктерінің шығармалары және психологиялық, тұлғалық даму бағытындағы кітаптар жолаушыларға ұсынылады.

Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар», Д.Қонаевтың «Ақиқаттан аттауға болмайды», М.Мақатаевтың «Өмір өзен», Л.Кинның «Как разговаривать с кем угодно когда угодно и где угодно», П.Уоллейстың «Интернет психологиясы», П.Коэльоның «Алхимик», Д.Кахоның «Түйсігіңмен ойла», «Мың бір түн» шығармалары жолаушы оқырмандардың қызығушылығын тудырады деген үміт бар.

Алдағы уақытта кітаптар тізбесі жаңартылып отырады.

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған