Бүгінде ауа-райына алаңдайтын болдық. Жаз айы басталғалы бері де бір күн көктем, бір күн жаз, бір күн күз сияқты болып, қалай киінерімізді, қалай тірлік істерімізді білмей де жүрміз. Тіпті, ауа райы құбылған сайын адам бойындағы дерттер де сыр беріп, бір күн ауру, бір күн сау жүрміз.

“Казгидромет” жазғы ауа райын жариялапты. Жалпы биылғы жаз да біз үшін нормадан бөлек ыстық болар түрі бар. Солтүстік аймақтарға сәті түсіп, жаз ауа райы нормадағыдай дейді.

Таратып айтар болсақ, солтүстік-батыс пен солтүстік шығыста солтүстік теңіздердін келген салқынның әсерінен ауа райы температурасы +30 +380С-ден +15 +200С арасы екен. Оңтүстік батыста кей күндері +40 +450С көтерілетін көрінеді.

Ыстық күндердің салқынымен, жаңбырмен, нөсермен, қатты желмен алмасатын сәттері де болады.

Маусымда еліміздің көп бөлігінде қалыпты t болғанымен оңтүстік аумақтарда нормадан көтеріледі. Мәселен еліміздің көп бөлігінде t +18 +230С қалыпты t десек, оңтүстікте +24 +280С-ға көтеріледі, ал оңтүстік шығыстағы таулы аймақтарда +7 +170С.

Шілденің аптап ыстық болатыны біздің өңір үшін аса жаңалық емес. Оңтүстікте күннің ыстығы нормадан жоғары болады. Еліміздің көп бөлігінде t қалыпты +18 +240С болса, оңтүстік аймақтарда +25 +300С, ал таулы аймақтарда +9 +170С.

Тамыз айы өте ыстық болғалы тұр. Жалғыз біз ғана емес еліміздің көп аймақтарында. Тек солтүстік-батыс аймақтарда t қалыпты. Еліміздің көп бөлігінде t нормадағыдай +20 +280С, солтүстік-шығыста +16 +190С, ал таулы аймақтарда +11 +150С.

Биылғы жаз жаңбырға жау келген жыл болғалы тұр. Өте жұтаң. Маусымда солтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аймақтарда жаңбыр жаууы мүмкін.

Шілдеде солтүстік-батыста, оңтүстік-батыста, орталықта, шығыс жақта, таулы аймақтарда жаңбыр болады.

Тамызда бізге де жаңбыр таматын сияқты. Синоптиктер болжауында солтүстік, шығыс аумақтарда жаңбыр болады.

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған