Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау вице министрi Мұратов Тимур Мұратұлы облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Жаналинов Данияр Еренғалиұлы және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қуанышбаев Бауыржан Мұратбекұлымен бiрге №5 қалалық емхананың құрылысымен танысты.

Құрылыс қарқынын көру барысында Тимур Мұратұлы басқарма басшысы мен мердiгер мекемеге емхананы талапқа сай, сапалы түрде уақытылы аяқтауды тапсырды.

Айта кетейiк, құрылыс жұмыстары 2025 жылдың желтоқсан айында басталған №5 емхана 400 келушіге арналған. Жоба құны 9,8 млрд. теңгені құрайтын нысанның бас мердігері «Отау-Строй» ЖШС.

Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстардың 60 пайызы орындалып, ағымдағы жылы ел игілігіне табыстау жоспарлануда.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған