Бүгін, 24 қазан күні «Ақмаржан» агромәдени фестивалі аясында «Алтын күз – 2026» ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтуде.

Жәрмеңке сөрелерінен Сырдың брендіне айналған ақ күріш, Аралдың балығы мен ас тұзы, балдай тәтті қауын-қарбыз, табиғи сүт өнімдері және басқа да жергілікті өнімдерді табуға болады.

Қызылорда қаласы мен барлық аудандардың қатысуымен ұйымдастырылған жәрмеңкеге 450 жүк көлігімен 1200 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді. Дала еңбеккерлерінің маңдай терімен өндірілген өнімдер тұрғындарға нарықтағы бағадан төмен бағамен ұсынылуда.

Оның ішінде 200 тоннадан астам ақ күріш, 30 тонна ет және 40 тоннаға жуық балық өнімдері, 270 тонна картоп, 400 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек, 200 тонна бақша өнімдері, 15 тонна сүт өнімдері, 20 тоннаға жуық бакалея және кондитерлік өнімдер, 60 бас қой мен тоқты және 30 тонна жем-шөп жеткізілді.

ЖӘРМЕҢКЕНІҢ ӨТЕТІН ОРЫНДАРЫ:

Қызылорда қаласы – «Қайсар Арена» стадионының автотұрағы (Сол жағалау).

Сырдария ауданы – «Тағзым алаңы» аумағы (Толыбеков және Д. Қонаев көшелерінің қиылысы).

Қармақшы ауданы – И. Жүрба көшесінің бойы (С. Романов және М. Саламатов көшелерінің аралығы).

Жалағаш ауданы – Ә. Қашаубаев және Жетікөл көшелерінің қиылысы (Титов қыстағы).

Арал ауданы – С. Торайғыров және Қорқыт ата көшелерінің қиылысы.

Қазалы ауданы – Ғ. Мұратбаев және Қ. Яссауи көшелерінің қиылысы («Шұғыла» мөлтек ауданы).

Жаңақорған ауданы – Астана даңғылының бойы (Е. Көшербаев пен А. Иманов көшелерінің аралығы).

Шиелі ауданы – Тасбөгет кентінің орталық алаңы.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған