Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған Сыр өңірінің делегациясы Қытай Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі ұйымдастыруымен Қытайға жұмыс сапарымен барды. Делегация құрамында ауыл шаруашылығы құрылымдарының, құрылыс және мұнай компанияларының басшылары, кәсіпкерлер бар. Сапардың негізгі мақсаты – аймақтың агроөнеркәсіп, құрылыс, қызмет көрсету салаларына инвестиция тарту.
Жұмыс сапары аясында аймақ басшысы Сиань қаласындағы мұнайгаз, химия өнеркәсібі саласындағы компания жетекшілерімен кездесті. Алдымен «Yan’an Energy Equipment Group» компаниясы басшысымен жүздесіп, өңдеу өнеркәсібі саласында бірлесіп жұмыс жасауға дайын екенін айтты.
– «Бірінші кезекте Қызылорда облысы мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатындағы бүгінгі кездесуге қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіремін. Біз Қытайдың озық технологияларын облыс өнеркәсібіне енгізу үшін арнайы делегация жасақтап келдік.
Мұнайгаз – өнеркәсіптің маңызды сала ларының бірі және облыс экономикасының негізі. Оның үлесі өңірдің өнеркәсіптік өндірісінің 48,7%-дан астамын құрайды, 10 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтиды. Облыс аумағында мұнай өндірумен және барлаумен 49 кеніште 25 компания айналысады.
Алайда, мұнай ұңғымаларының көпшілігінің сарқылуына байланысты қорды толықтыру мақсатында геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек «ҚазМұнай Газ» ұлттық компаниясы «Торғайпалеозой» кен орнында тереңдігі 5,5 мың метр ұңғыманы бұрғылауда. Қазіргі таңда бұрғылау жұмыстары шамамен 5,4 мың тереңдікке жетті. Осы ретте, құрметті мырзалар, компанияның заманауи технологиясы мен тәжірибесін ескеріп, Қызылорда облысында бірлесіп жұмыс жасауға шақырамыз. Облыс әкімдігі өз тарапынан зауыттарды орналастыру үшін жер, инженерлік инфрақұрылым, жанжақты логистикалық қолдау білдіруге дайын», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Сондайақ, аймақ басшысы «Xian ANCN Smart Instrument Inc» мұнайгаз компаниясының басшысымен кездесті.
«Xian ANCN Smart Instrument Inc» компаниясы 2007 жылы құрылған. Негізгі қызметі – газ кен орнының автономды басқару жүйелерін, жарылысқа қауіпсіз тексеру роботтарын, смарт өлшеу құрал дарын және басқа да мұнайгаз жабдықтарын өндіру. Компанияда 320 қызметкер, 100 ғылыми зерттеу тобының мүшесі, 340 ғылыми зерттеу патенті бар.
Облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев, жауапты сала басшылары, кәсіпкерлер Синьянь қаласында инвестициялық тұрғыдан әлеуетті бизнес өкілдерімен кездесті.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары кезінде Шэньси провинциясының басшысы Чжао Ганмен де кездесті.
– «Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлының Қытайдың озық технологияларын өндіріске тарту тапсыр масы бойынша арнайы делегация жасақтап, іссапармен келдік. Шэньсиде Қазақстанның Бас консулдығының жұмыс жасауы бұл провинцияның біз үшін маңызды екенін білдіреді. Бүгінде Қазақстан – Қытайдың Орталық Азиядағы негізгі сауда экономикалық серіктесі. Өзара тауар айналымы мен инвестициялар жыл сайын өсіп келеді.
Қызылорда облысы Қытай инвесторларымен бірлесіп жұмыс істеуден мол тәжірибе жинақтаған өңір екенін атап өткім келеді.
Мұндағы ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, баламалы энергия көздері, құрылыс индустриясы, тау-кен өнеркәсібі, машина жасау салаларындағы озық технологиялар біз үшін аса құнды. Барлық саладағы жетістіктерді, тәжірибені игеруге қызығушылық танытып, арнайы келдік.
Бүгінгі мүмкіндікті пайдаланып, қытайлық компанияларды Қазақстанға инвестиция салуға шақырамын. Біздің тараптан барлық қажетті жағдай жасалады. Инженерлік инфрақұрылым жеткізіп береміз, жеңілдіктер бар, өндірілген өнімді өткізуге атсалысамыз», – деді Н.Нәлібаев.
Өз кезегінде Чжао Ган мырза екі ел арасындағы байланысты нығайтып, инвестициялық жобаларды қолдауға дайын екенін жеткізді.
Қытай – Қызылорда облысының ең ірі сауда серіктесі және өңірдің сыртқы сауда көлемінің шамамен 60%ын құрайды, одан соң Ресей – 23,3% және Еуропа елдері – 8%. Қытайға негізінен мұнай өнімдері, майлы дақылдардың тұқымы, балық өнімдері және өңделмеген алюминий экспортталады. Импорттың негізгі позициялары – машиналар, жабдықтар, полимерлер және құрылыс материалдары.
Бұдан әрі облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегация Нинься Хуэй провинциясының губернаторымен кездесті. Басқосуға жауапты сала басшылары, бизнес қауымдастық өкілдері қатысып, онда екі елдің ынтымақтастығы, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, баламалы энергия көздері, құрылыс индустриясы, тау-кен өнеркәсібі, машина жасау мәселелері талқыланды.
– Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстар Ұлы Жібек жолы арқылы ғасырлар бойы дамып, бізді Батыс пен Шығысты жақындастыруға негіз болған тығыз сауда экономикалық қатынастар біріктірді. Бүгінде «Бір белдеу – бір жол» бастамасы осы бағытты жандандырып қана қоймай, оның әлемдік аренадағы рөлін күшейтті. Сауда керуендері әлі де жаңа Жібек жолы – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі арқылы өтіп, Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдерін байланыстырады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу, баламалы энергия көздері, құрылыс индустриясы, тау-кен өнеркәсібі, машина жасау салаларындағы озық технологияларды, тәжірибені игеруге қызығушылық танытып, өзімізбен бірге облыстың инвестициялық әлеуеті туралы және 60 инвестициялық жобаның тизерін әкелдік»,– деді аймақ басшысы.
Облыста 15 мұнай өндіруші компания жұмыс істейді, оның 8і –қытайлық кәсіпорын. Қытайлық инвесторлардың қатысуымен пайдалануға берілген және тұрақты жұмыс істейтін ірі индустриялық жобалар іске асырылуда.
2018 жылдың желтоқсанында «Чайна Гежуба» компаниясымен бірлесіп, жалпы құны 137,8 млн. АҚШ доллары, қуаттылығы жылына 1 млн. тонна цемент өндіретін зауыт іске қосылды. 2022 жылдың қазан айында «Чайна Гласс» компаниясының қатысуымен құны 90,4 млн. АҚШ. доллары, қуаттылығы жылына 197 мың тонна табақша шыны өндіретін Қазақстандағы алғашқы шыны зауыты ашылды. Зауыт іске қосылғалы бері 31,4 млн. шаршы метрден астам, 76,7 млн. АҚШ. долларының өнімін өндірді. Оның 30%ы ішкі нарыққа өткізіледі, ал 70%ы Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Грузияға экспортталады.
Бүгінде шыны кластерін құруға және түрлі шыны бұйымдарын өндіруге бағытталған жаңа ілеспе жобалар шеңберінде белсенді жұмыс жүргізілуде. Былтыр маусым айында жылына 5 млн. шаршы метр энергия үнемдейтін әйнек шығаратын жаңа желі іске қосылды. Одан бөлек айна, шыңдалған шыны, автомобиль әйнегі мен шыны бөтелке өндірісі бойынша жобалар бар. Сондай-ақ, қуаттылығы 141 МВт-тық 4 күн және 1 жел электр станциясының құрылысы жүргізілуде.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегацияның Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары Нинься Хуэй автономдық ауданының Иньчуань қаласында жалғасты.
Аймақ басшысы күріш өсіру және өндіру мен айналысатын «Ningxia Guangyin Rice Industry Co., Ltd.», ауыл шаруашылығы саласындағы «Ningxia State Farm» компания ларының жетекшілерімен кездесіп, аймақтың әлеуетіне сай инвестиция тарту мәселелерін талқылады.
«Қызылорда облысы – Қазақстандағы күріш өндіруші ірі өңір. Облыста барлық қазақстандық күріш пен тұздың 90% дан астамы өндіріледі. Біз ішкі нарықты толығымен қамтамасыз етеміз, сондай-ақ, өнімді алыс және жақын шетелдерге белсенді түрде экспорттаймыз. Жыл сайын 80 мың гектардан астам жерге күріш егеміз.
Өткен жылдың қорытындысымен 500 мың тонна күріш жиналып, 73,2 мың тон насы экспортталды. Бұдан бөлек дәнді, майлы дақылдардың, жемшөп, картоп, көк өніс, бақша дақылдарының егістік алқаптары бар.
Өңірде 700ге жуық шаруа қожалығында 15 түрлі күріш сорты өсіріледі. Ал, күріш өңдейтін 40 компания ғана бар. Негізгі ауыл шаруашылығы өнімі күріш болғандықтан, біз оны терең өңдеу саласына қызығушылық танытамыз.
Сіздердің компанияларыңыздың мол тәжірибесін ескеріп, Қызылорда облысына бірлесіп жұмыс жасауға шақырамыз. Серіктес қажет болған жағдайда, өңірде өз салаларын дамытқан тәжірибелі кәсіпкерлер бар», – деді Н. Нәлібаев.
Кездесуде облыс әкімі аталған компания басшыларын өңірдің әлеуетімен жақынырақ танысу үшін арнайы іссапармен Қызылордаға шақырды.