Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша азамат Р.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, азамат Р. көлік құралын алкогольдік масаң күйінде басқарған.
Р.-нің әрекеті оның түсінігімен және іске тіркелген құжаттармен дәлелденген.
Сот қаулысымен Р. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Қармақшы аудандық соты