Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев құқық қорғау органдарының бірінші басшыларымен бірге Жалағаш ауданында 2 қараша күні, сағат 14.00-16.30 аралығында аудандық Оқушылар үйінде жеке қабылдау өткізеді. Сондай-ақ, 16.30-да аудандық Оқушылар үйінде халықпен кездесу өткізеді.

Жеке қабылдауға алдын-ала жазылу «E-gov», «E-otinish» бірыңғай порталы, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы «e-Нәтиже» және аудан әкімдігіне тікелей барып, жазбаша нысанда өтініш беру арқылы жүргізіледі.

Кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта нақты көрсетілуі қажет. Қабылдау бойынша сұрақтарды 8(7242)40-11-91 (ішкі 7046), (ішкі 7051), (ішкі 7049) телефондары арқылы білуге болады

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған