«Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында қала тазалығы мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында Тазалық патрулі мүшелері “Саяхат” мөлтек ауданында кезекті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Шара барысында тұрғындарға және кәсіпкерлерге қоршаған ортаны таза ұстау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға тастау және ортақ мүлікке ұқыптылықпен қарау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар тұрғындарға тазалықты сақтау – әр азаматтың ортақ міндеті екені айтылып, арнайы ақпараттық парақшалар таратылды.