Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің дамуына бағыт-бағдар беретін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға негіз болатын басты құжат. Онда әрбір азаматтың қоғамдағы орны, құқықтары мен міндеттері айқындалған.
Конституция талаптарын сақтау – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Заңды құрметтеу, өз құқығын білу және өзгелердің құқықтарына құрметпен қарау қоғамда өзара сенім мен тұрақтылықты нығайтады.
Сондықтан Конституцияның мәні мен маңызын түсіндіру, әсіресе жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру – маңызды міндет. Заң үстемдігі орныққан қоғамда азаматтардың белсенділігі артып, елдің тұрақты дамуына берік негіз қалыптасады.
ЖАНТАС КАСЫМОВ
Шиелі аудандық мәдениет саласының қызметкері