Конституция – тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі, елдің тұрақтылығы мен бірлігін айқындайтын басты құжат. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияның ел дамуындағы маңызына тоқталып, мемлекеттік басқару жүйесінде жүзеге асқан өзгерістерді атап өтуі – еліміздің саяси жаңғыру жолындағы маңызды қадамдарды көрсетеді.
Конституциялық өзгерістердің нәтижесінде мемлекеттік басқару жүйесінің жаңғыртылуы, Құрылтай мен Вице-Президент институттарының құрылуы – елдің саяси жүйесін жетілдіруге, билік тармақтарының өзара үйлесімді жұмыс істеуіне және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған маңызды бастамалар. Бұл өзгерістер мемлекет пен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, халықтың ел басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтуге жол ашады.
Конституцияның басты құндылығы – адам және оның құқықтары мен бостандықтары. Мемлекеттің барлық саяси, әлеуметтік және экономикалық бағыттағы жұмыстары азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, әділетті қоғам қалыптастыруға және әр адамның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге негізделуі тиіс. Заң үстемдігі орныққан елде азаматтардың мемлекетке деген сенімі артып, қоғамның тұрақты дамуына мүмкіндік туады.
ПАЛЫМБЕТ НАЙЛЯ ӘБІЛҚАСЫМҚЫЗЫ
Шиелі ауданындық әйелдер кеңесінің төрайымы