Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы 3-бөлігі бойынша  азаматша  Б.-ға қатысты іс қаралды. 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азаматша Б.-ның тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған ұлы түнгі сағат 04:30 шамасында көше бойында заңды өкілінің ертіп жүруінсіз тұрғын үй жайдан тыс жерде жүргені анықталды.

Сондай-ақ, бұл іс-әрекеттің  бір жыл ішінде екінші мәрте қайталанып отырғандығы  анықталды.

Азаматша Б. сотта берген түсінігінде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін білдіріп, жеңіл жаза қолдануды сұрады. 

Сот қаулысымен азаматша Б. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 21193 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық  соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған