Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігі бойынша азамат Р.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат Р. көп қабатты үйдің ауласында темекі шегіп, оның қалдығын арнайы қоқыс жәшігіне тастамай, белгіленбеген жерге тастап, ортақ пайдаланатын қоғамдық орынды ластаған.

Құқық бұзушы Р.-нің іс-әрекеті оның түсінігімен және іске тіркелген құжаттармен дәлелденген.

Сот қаулысымен Р. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің
434-2-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 30275 теңге айыппұл салынды.

Сырдария аудандық соты

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған