Байқоңыр қалалық сотына талап қоюшы С. жауапкер К.-ден алиментті өндіру туралы талап қоюмен жүгінген.
Тараптарға дауды татуластыру рәсімдерінің көмегімен реттеу жөніндегі құқықтары түсіндірілген.
Нәтижесінде, тараптар дауды бітімгершілікпен реттеу туралы келісімге келіп, оған сәйкес жауапкер К. балалары кәмелетке толғанша ай сайын 19 АЕК мөлшерінде, бірінші баласы кәмелетке толған соң, 14 АЕК мөлшерінде төлеп тұруға міндеттенген.
Сот тараптардың бітімгершілік келісімімен татуласуына байланысты азаматтық іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарды.
Байқоңыр қалалық соты