Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2023 жылғы қаңтар-сәуір айындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары қаралды.

Үкімет басшысы есепті мерзімде барлық макрокөрсеткіштер бойынша өсім тіркелген өңірлерді атап өтіп, оның ішінде Қызылорда облысында оң динамика қалыптасқанын айтты.

– «Төрт айдың қорытындысы бойынша Абай, Жетісу, Ұлытау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облысы мен Астана қаласында барлық макрокөрсеткіштердің өсімі тіркеліп отыр», – деді Әлихан Асханұлы.

Ұлттық экономика министрі Әлiбек Қуантыров өз баяндамасында экономиканың барлық салаларында оң өзгерістер болғанын атап өтіп, әсіресе құрылыс жұмыстары мен инвестиция тарту бойынша өсім қалыптасқанын айтты.

– Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 18%-ды құрады. Атап айтқанда, көлік және қоймалау – 39,3%, ауыл шаруашылығы – 26,5%, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 10%, сондай-ақ өнеркәсіп – 18,1%, оның ішінде тау-кен өндіру – 17,3% және өңдеу – 7% инвестиция тарту деңгейі өсіп отыр. Өңірлік тұрғыда үздік көрсеткіштер Түркістан (+60,4%), Маңғыстау (+46%), Қызылорда (+42,1%) және Батыс Қазақстан (+34,6%) облыстарында байқалады. Айта кетейік, 2023 жылдың алғашқы 4 айында негізгі капиталға салынған инвестициялар мен құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша Қызылорда облысы жоғары өсу қарқынын көрсетуде, – деді министр.

Үкімет отырысынан кейін облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов жиын өткізіп, Премьер-Министр қойған міндеттер бойынша бірқатар тапсырма берді. Қазіргі таңда аймақ даму көрсеткіштері бойынша ілгерілеу орын алғанымен, әрі қарай қарқынды жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған