▪️10 қараша – цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне орай, Қызылорда облыстық сотында сот жүйесін цифрландыру және заманауи ақпараттық технологияларды қолдану мәселелеріне арналған семинар өтті.
 
▪️Семинарға Департамент басшысы М.Асанова, басшы орынбасарлары Е.Бөрібаев, М. Оспанова, бөлім басшылары, сот әкімшілерінің басшылары мен мамандары қатысты.
 
▪️Семинарға Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жанындағы Жасанды интеллект институтының директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Н.Құлмырзаев шақырылды.
 
▪️Жиынды Департамент басшысы М.Асанова ашып, сот жүйесіндегі цифрландырудың маңыздылығына, заманауи технологияларды қолданудың қажеттілігіне тоқталды.
 
▪️Семинар барысында Қызылорда қалалық соты әкімшісінің басшысы Н.Дүйсенова құжат айналымын роботтандырудың тиімділігі, оның жұмыс барысын оңтайландырудағы рөлі туралы айтып өтті.
 
▪️Бұдан бөлек, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты әкімшісі басшысының орынбасары А.Рахметбек электрондық сот ісін жүргізудегі жаңашылдықтар мен ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.
 
▪️Сонымен қатар, Н.Құлмырзаев жасанды интеллект технологиясының дамуы, қолдану ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, жұмыс істеудің негізгі қағидаттары туралы жан-жақты түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, ақпаратты өңдеу мен талдау барысында жасанды интеллект әлеуетін тиімді қолдану мәселелеріне тоқталды.
 
▪️Жиын соңында сот жүйесін цифрландыруға қосқан үлестері үшін Департаменттің ақпараттық технологиялар бөлімінің мамандары мен бағдарламашыларына Алғыс хаттар табысталды.
 
▪️Сондай-ақ, электрондық сот сервистері мен цифрлық технологияларды қолдануға белсенді атсалысқаны үшін Қызылорда қалалық соты, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты және Қызылорда облысының мамандандырылған экономикалық соты марапатталды.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған