Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазалы ауданына жұмыс сапары кезінде аудан халқымен кездесіп, құқық қорғау органдары басшыларымен бірге тұрғындарды жеке қабылдады.

Қабылдауға барлығы 70-тен астам азамат келіп, өтініш-тілектерін білдірді. Тұрғындарды негізінен баспана алу, денсаулық, білім салаларының, жұмысқа орналасудың түйткілдері толғандырады. Барлық ұсыныс-пікірлерді тыңдаған соң аймақ басшысы жауапты тұлғаларға әр мәселе бойынша тиісті тапсырмалар берді. Қабылдауға келген тұрғындардың ой-пікірлері, көтерген мәселелері жан-жақты зерттеліп, тиісті шешімдер қабылданады.

Құқық қорғау органдары басшыларының қабылдауына келген тұрғындар да өздерін толғандырған мәселелердің жай-жапсарының заңдық негізі жайлы сауалдарына толыққанды жауап алды. Оларға мәселелерін заң шеңберінде шешу жолдары түсіндірілді.

– «Аймақ басшысының ауданымызға жұмыс сапары туралы хабардар болған соң, қабылдауына жазылдым. Кездесуде Бозкөл ауылына типтік жобадағы балабақша қажет екеніне тоқталдым. Облыс әкімі бұл мәселенің алдағы уақытта оң шешім табуына ықпал жасайтынын айтты», – деді Қазалы ауданы, Бозкөл ауылының тұрғыны, еңбек ардагері Жанұзақ Келімбет.

– «Келінімнің орыс тілі пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша дипломы бар. Бірақ жұмысқа орналаса алмады. Бүгін ауданға жұмыс сапарымен келген облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының қабылдауында болып, осы мәселені көтердім. Облыс әкімі тиісті сала басшыларына заңнамаға сәйкес көмек көрсетуді тапсырды», – дейдi аудан тұрғыны Айгүл Жұбан.

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған