Ата-ана үшін де, оқушы үшінде соңғы қоңыраудың орны ерекше. Әсіресе, мектеп бітіруші түлектер үшін. Өкінішке орай мектепте өтетін осы жақсы дәстүрді де асыра сілтеп, бәрін ақшаға тіреп, біраз “мал шашпақ” етіп жібердік. Мектепте байдың да, кедейдің де баласы бірге оқиды. Оларға тәртіп ортақ, білім беру процесі де. Алайда, киім кию, өз-өзін ұстау жағынан қалталылардың, немесе биліктегілердің балаларының бөлектеніп, оқшауланып тұратыны да шындық. Сол сияқты мектеп бітіру кезінде бар адамдардың балалары да, өздері де ерекше салтанатпен өткізгісі келеді. “Баламыздан немізді аяймыз” деген сияқты. Мектепке, мұғалімге беретін сыйлығы, кортежі, вечері бар, бұл салтанат соңғы кездері осал топтарды ойландыратын болды. Содан да жыл сайын “Соңғы қоңырауды” өткізу, өткізбеу туралы екіұдай пікір қалыптасты.

Оқу-ағарту Министрлігінің мәліметінше осы соңғы қоңырауды өткізу, өткізбеу тұрғысында бұған дейін де, қазір де қабылданған ресми құжат, нормативтік-құқықтық актілер жоқ. Оны қалай өткізеді, мектеп пен ата-ананың өз еркінде. Айтпақшы бұған дейін “Соңғы қоңырау” оқу жылының соңғы күні – 25 мамырда өтетін. Министрлік биыл осы шараны ұйымдастырғысы келетіндерге оны 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орайластырып, осы форматта өткізуді ұсынып отыр.

Сондай-ақ мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру салтанаты маусымның 20, 21, 22 күндеріне жоспарлануда екен.

Министрлік бұл салтанатты шараларды өткізуде мұғалімдерге, мектепке сыйлық жасауға, әртүрлі қажеттіліктерге қаржы жинауға тиым салып отыр.

Толық нұсқасын «Ақмешіт ақшамы» газетінен оқи аласыздар

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған