2026 жылғы 29 қарашада елімізде мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтіп, ел тарихындағы маңызды саяси науқан жүзеге асуда. Бұл күні әрбір қазақстандық өз таңдауын жасап, мемлекет болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігіне ие.Осыған орай Жалағаш ауданында да тұрғындардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасау бағытында бірқатар игі бастамалар қолға алынды. Солардың бірі – автоволонтерлердің тегін көлік қызметін ұйымдастыруы.Жалағаш кенті бойынша жас сайлаушылар клубынан, белсенді азаматтардан құралған автоволонтерлер тұрғындарды дауыс беру учаскелеріне тегін жеткізіп, азаматтардың өз конституциялық құқықтарын жүзеге асыруына қолдау көрсетуде. Бұл бастама әсіресе қарт адамдар мен жеке көлігі жоқ тұрғындар үшін үлкен көмек болуда.Айта кету керек, Жалағаш ауданының тұрғындары қайырымдылық пен қоғамдық игі істерден қалыс қалмайды. Қоғамға пайдасын тигізуді мақсат еткен жүрегі кең азаматтардың қатары жыл сайын артып келеді.Әрбір саяси науқан кезінде игі дәстүрге айналған бұл бастама бүгінгі сайлау науқанында да жалғасын тауып, тұрғындардың белсенді қатысуына өз үлесін қосуда.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған