Республика көлемінде бастау алған мәслихаттар депутаттарының сайлауында алғашқылардың бірі болып келген Ақберген Баймаханұлы өз таңдауын жасады. 89 жастағы ақсақалдың күш-жігерін жиып, төбе көрсетуі көпке үлгі қыларлықтай іс.«Бүгін еліміз үшін тарихи күн. Бұған дейін де көптеген саяси науқандарды өткердік. Бұл жолғы сайлаудың мәні бөлек. Халық оң өзгерістер мен жаңаша бастамалар күтеді. Ел ертеңі үшін мен де өз таңдауымды жасадым. Мемлекетімізде тек татулық пен бейбітшілік болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай» деп қазыналы қария ақ батасын берді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған