Бүгін – Қызылорда өңірінде мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы бастау алды. Таңғы сағат 7.00-де Қызылорда өңіріндегі барлық сайлау учаскелері ашылып, өз жұмысын бастады. Аймақта 386 сайлау учаскесі бар. Оның 132-і Қызылорда қаласында, қалғандары аудандарда орналасқан. Сонымен бірге дауыс беру күні 136 округтік және 9 аумақтық сайлау комисиясы қызмет атқарады. Учаскелердің 27-і азаматтардың уақытша болу орындары яғни жабық учаскелер қатарында. Бұл учаскелерде тізімге енген азаматтар толық дауыс беріп болса, дауыс беру уақыты ерте аяқталуы мүмкін. Айта кетейік, өңірде 501 994 азамат дауыс беруге құқылы. Тұрғындар кешкі 20.00-ге дейін өз аумағындағы учаскелерге келіп дауыс бере алады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған