Тереңөзек кентіндегі сайлау учаскелерінің бірінде «Ақмешіт жастары» республикалық газетінің журналисті Дәулет Қырдан Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады.Журналист мәслихат депутаттарын сайлау – жергілікті деңгейдегі маңызды саяси үдеріс екенін атап өтті. Оның айтуынша, сайлауға қатысу арқылы әр азамат өз өңірінің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына үлес қоса алатын өкілдерді таңдауға мүмкіндік алады.– Мәслихат депутаттарын сайлау – жергілікті қоғам үшін маңызды шешімдердің бірі. Әр азамат өз таңдауын жасап, дауыс беру арқылы елді мекеннің болашағына қатысты азаматтық ұстанымын білдіреді. Сондықтан сайлау күні әр азаматтың белсенділік танытып, өз таңдауын жасауы маңызды, – деді Дәулет Қырдан.Оның сайлауға қатысуы азаматтық жауапкершіліктің және қоғамдық белсенділіктің маңызын көрсетеді. Әсіресе жастардың мәслихат депутаттарын сайлау сияқты маңызды саяси үдерістерге белсенді қатысуы – ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған