Аудан орталығындағы №128 сайлау учаскесінде Жалағаш аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Құлмахан Қожатай таңдауын жасады.Қоғамның түрлі саласында еңбек еткен ардагер ел болашағы үшін дауыс беруді азаматтық борышы деп санайтынын жеткізді. Жалағаш аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Қожатай Құлмахан өз ойын білдіре отырып, ең бастысы ел бірлігі екенін атап өтті.-Бүгін міне, мәслихаттар депутаттарының сайлауына келіп, дауыс беріп тұрмыз. Сайлау – халықтың пікірін білудің демократиялық жолы. Мәслихаттар депутаттарының сайлауы – кемел келешегіміздің, қоғамдық дамуымыздың кепілі болады деп ойлаймын, – деді Қожатай Құлмахан.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған