Аудандық ардагерлер кеңесінің төрасағы Өмірсерік Тақырбасов мәслихат депутаттарының сайлауына белсене қатысып, Жаңақорған кентіндегі №319 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Ел тағдыры мен болашағына бейжай қарамайтын ақсақал маңызды саяси науқанға қатысу арқылы өзінің азаматтық жауапкершілігін тағы бір мәрте көрсетті.Елдің ертеңі мен мемлекет болашағына жауапкершілікпен қарау, қоғамдық маңызды істерден шет қалмау – әрбір азамат үшін маңызды міндет екенін ақсақал өз ісімен дәлелдеп отыр.Осындай ел ағаларының парасатты ұстанымы мен азаматтық белсенділігі қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді.