«Отбасының цифрлық картасы» жүйесінің бағалауы бойынша әл-ауқаты жоғары, яғни А және ауқатты, яғни В санаттарына енген отбасыларға мемлекеттік бюджет есебінен төленетін бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы, яғни жөргекпұл, сондай-ақ, осы санаттағы жұмыс істемейтін аналарға бала 1,5 жасқа толғанға дейін бюджеттен ай сайын берілетін күтім жәрдемақысы тағайындалмайды. Мемлекет бұл топтағы отбасылар өз қажеттіліктерін дербес өтей алады деп есептеп, үнемделген бюджет қаражатын әлеуметтік осал топтарды қолдауға бағыттайды.