Қызылорда қаласындағы мұнай-газ саласына қарасты кәсіпорындарда қызметкерлердің дауыс беруіне қажетті барлық жағдай жасалған.

Атап айтқанда, «ҚазГерМұнай» компаниясының ауысымдық қыстағында вахталық әдіспен еңбек ететін мұнайшылар №246 сайлау учаскесінде таңғы сағат 6:00-ден бастап дауыс беруге қатысуда.

Кәсіпорындарда дауыс беру процесі қолданыстағы заңнама талаптарына және белгіленген тәртіпке сәйкес ұйымдастырылған. Қызметкерлерге сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын еркін білдіруге барлық мүмкіндік қарастырылған.

Дауыс беру барысы заңнамада белгіленген талаптар мен рәсімдерге сәйкес жүзеге асырылуда.

ҚұрылтайСайлауы

23Тамыз

Қызылорда

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған