Banner

Үкімет басшысы  Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен  Үкімет отырысында газ саласын дамыту мәселелері қаралды.

Энергетика министрлігінің мәліметінше 2025 жылдың қорытындысы бойынша газ өндіру көлемі 68,2 млрд текше метрді құраған. Биылғы бес айда 25,9 млрд текше метр газ өндірілген. 2026 жылға арналған жоспар 64,5 млрд. текше метр екен. 2025 жылы тауарлық газ өндірісі 27,4 млрд. текше метрді құраған. 2026 жылы бұл көрсеткішті 27,4 млрд. текше метр деңгейінде сақтау жоспарланып отыр екен. Биылғы бес айда 10 млрд. текше метр тауарлық газ өндірілген.

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елді газдандыру деңгейі 64,2%-ға жетіпті. Табиғи газға қолжетімділік 13,1 млн адамды қамтып отырған көрінеді.

Үкімет басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес халықты газдандыру деңгейін 80%-ға дейін жеткізу қажеттігін атап өтті. Болжамды теңгерімге сәйкес, 2030 жылға қарай Қазақстанда тауарлық газ өндірісі 31,3 млрд текше метрді құрайды. Бұл көлем халықты газдандыру деңгейін арттыруды ескере отырып, ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін көрінеді.

Осы жиында өңір әкімдіктеріне магистралды инфрақұрылым нысандарын пайдалануға беру мерзімдерін жергілікті газ тарату желілерінің дайындық деңгейімен үйлестіру тапсырылды. Бұл ретте тиімділіктің басты көрсеткіші тартылған құбырлардың ұзындығы ғана емес, үйлерінде газ пайда болып, желіге нақты қосылған абоненттер санымен өлшенуі тиіс дейді Үкімет басшысы.

Отырыс қорытындысымен Үкімет басшысы бірқатар тапсырма беріпті. 

Сол тапсырмалардың бірі елімізде тұтынудың тұрақты өсуі жағдайында қолжетімді газ көлемі бірінші кезекте тұрғындардың қажеттіліктеріне және жоғары технологиялық өндірістерінің дамуына бағытталуы тиіс. 

ТҰРҒЫНДАРДЫ ГАЗБЕН ТҰРАҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КЕРЕК

Үкімет басшысы Олжас Бектенов­тің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында газ саласын дамыту мәселесі қарал­ды. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев селекторлық режим арқылы қатысты. Үкімет отырысынан кейінгі мәжіліс­­те өңірдегі газдандыру жұмыс­тарының барысы талқыланды. «Мемлекет басшысы энер­гетикалық, инженерлік және көлік-логистикалық инфра­құры­лымды толыққанды дамыту, елді мекендерді көгілдір отынмен қамту көрсеткішін 65 пайызға жуық деңгейден 80 пайызға дейін арттыру жөнінде тапсырма берді. Бұл – өңірлер үшін аса маңызды міндет.
Сондықтан, газдандыру жобаларын уақытылы әрі сапалы іске асырып, белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізуіміз қажет», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Мәжілісте тұрғындарды сұйытылған мұнай газымен тұрақ­ты қамтамасыз ету мәселесі де қаралды. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына, қала және аудан әкімдеріне сұйытылған газдың тұрақты қорын, тұрғындардың көгілдір отынмен үздіксіз қамтылуын бақылау тапсырылды.
Өңірде елді мекендерді газдандыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Биыл 14 жобаны іске асыруға 4,7 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде 2 өтпелі және 12 жаңа жоба бар. Жыл соңына дейін 10 елді мекенді табиғи газға қосу жоспарланып отыр. Нәтижесінде облыс халқын газбен қамту деңгейі 85 пайызға жетеді.
2026–2027 жылдары іске асырылатын жобаларды қаржы­ландыру үшін 19 млрд теңгенің бюджеттік өтінімі ұсынылды. Қолдау тапса, тағы 16 елді мекенге газ жеткізіледі.
Одан бөлек, «QazaqGaz Aimaq» акционерлік қоғамының инвестициялық бағдарламасы аясында 6 елді мекенді газдан­дыру көзделіп отыр.

Энергетика министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, тауарлық газға қосылғысы келетін жаңа өндіріс орындары үшін энергия тиімділігінің критерийлерін бір ай ішінде әзірлеу қажет.

Ресурс көлемін энергияны көп қажет ететін және тиімділігі төмен өндірістерге бөлу тәжірибесін тоқтату керек. 

Тапсырмаларды бақылау және үйлестіру Үкімет басшысының бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа жүктелді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған