Сыр еліне сырттан келген қонақтардың қатарын Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дидье Канес те толтырды. Ол облысқа сапары барысында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» жұмыс жүйесімен танысты. Сондай-ақ, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевпен кездесті.

Кездесу барысында сөз алған аймақ басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастық бағыттағы байланысты негізге ала келе, Франция мен Қызылорда арасындағы тауар айналымын атап өтті.

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы:

Биылғы қаңтартамыз айларында Қызыл­орда облысы мен Франция арасындағы тауар айна­лымы 244,3 мың АҚШ долларды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,3 есе өскен. Аймақтан негізінен балық және өсім­дік өнімдері экспортталса, Франциядан трактор, пластмассадан жасалған бұйымдар және тоқыма өнімдері импортталуда. Өз кезегімізде біз шетел­дік әріптестерден, оның ішінде, француз компанияла­рынан инвестиция тартуға қызығушылық таныта­мыз. Жаңа жобаларды орналастыру үшін қажетті инженерлік инфрақұрылымы жеткізілген арнайы индустриялық аймақтар жұмыс жасауда. Екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге шақырып, инвестор­лармен ұзақ мерзімді серіктестік орнатуға дайын екенімізді жеткіземін.

Елші де екі ел арасындағы байланыстың жақсы дең­гейде екенін атап өтіп, оның ішінде Қызылорда облы­сымен іскерлік бағыттың оң бағытта екенін тілге тиек етті.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған