«Анаға тағзым» атауымен аталған республикалық форум Сыр өңірінде ұйымдастырылды. Бағдарламаға сәй­кес, қатысушылар үшін түрлі кезде­сулер, жиындар және шаралар да ұйымдастырылды.

Шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ақмарал Әлназарова, Қазақ­стан халқы Ассамблеясы жанындағы республикалық Аналар кеңесінің төр­ағасы Назипа   Шанаи, өңірлерден, аудандардан делегациялар, облыстың зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары, көп балалы аналар, Аналар кеңесінің төрайымдары мен мүшелері, аудан­дардағы әйелдер кеңестерінің мүшелері қатысты.

Форум алдында қатысушылар жергілікті қыз-келіншектердің әзірле­ген өнімдері біріктірілген көрмені тама­шалады. Онда ұлттық киім-кешектер, әшекейлі бұйымдар, сабын және өзге де түрлі тұрмыстық қолданысқа қажетті өнімдер қойылған. Әрбір өнім­мен жекелей танысқан форум қатысушылары дөңгелек үстелге жай­ғасып, қоғамдағы Әйел-Ананың орны мен қадірі жайында түрлі пікірлерін ортаға салды.

Сондай-ақ, форум аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депу­таты Қарақат Әбденнің форум қатысушы­ларына арналған бейнеқұттықтауы көрсетіліп,  Павлодар облысы әкімінің әйелдер істері жөніндегі кеңесшісі, ұлағатты ұстаз, «Құрмет» орденінің иегері Бақытжамал Максилова, Түр­кістан облысының Ата-аналар одағының төрағасы, отбасылық коуч Ақбаян Жақыпова, «Қазақстан барысы – 2022» жеңімпазы Мақсат Исағабыловтың анасы Роза Қуаңбаева, Қызылорда облысының құрметті азаматы Алмагүл Божанова тақырып аясындағы ойларын ортаға салды.

Шара барысында Нұрлыбек Нәлібаев облыстың ғана емес, еліміздің атын түрлі елге танытып жүрген әр саладағы жеңімпаз ұл-қыздардың аналары, көп балалы аналар мен түрлі саланың өрістеуіне үлес қосып жүрген қыз-келіншектерге ерекше назар аударып, марапаттады. Олардың қатарында ақын, «Алтын домбыра» иегері, Мұхтар Ниязовтың анасы Жұмакүл Оңғарбаеваға «Жұлдызды ана», анасы Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүл­дегері Қамшыбек Қоңқабаевтың анасы Ұлбосын Алыпқашоваға «Байрақты ана» және «Қазақстан барысы-2022» Мақсат Исағабыловтың анасы Роза Қуаңбаеваға «Ұлықты ана» номина­циялары табысталды.

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев:

Биыл қыркүйекте Қызылорда қаласында заманауи әрі көпфунк­циялы «Анаға тағзым» орталығы пайдалануға беріліп, қызкеліншек­тердің рухани ордасына айналды. Облысқа жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Кемелұлы Тоқаев осы орталықпен танысқан соң, «Расында, ұлттық салтдәстүрімізді, болмысымызды, тіліміз бен дінімізді терең наси­хат­тауымыз керек. Ұлттық құндылық­тарға деген көзқарасымыз айқын болуы тиіс», – деп жоғары бағасын берді. «Анаға тағзым» орталығыбалауса қыз баладан ардақты асыл әжеге дейін бас қосатын тәрбие мектебі. Осы жерде ақылды да парасатты аналардың, инабатты келіндердің өнегелі ісінен, салмақты сөзінен үлгі алатын жастар қатары көбейері сөзсіз. Бүгінде тұрмыстық қиындыққа тап болған аналар мен балаларға қолдау көрсету мақса­тында 7 аудан мен Қызылорда, Бай­қоңыр қалаларында «Бақытты отбасы» бөлімдері ашылды. Орта­лық­тарда заңгерлік және психоло­гия­лық көмек көрсетуден бастап, кәсіпкерлік негіздерге оқыту, биз­несжоспар құруға, грант немесе шағын несие алуға құжат рәсімдеуге жәрдемдесу, жұмысқа орналастыру және өзге де қызметтер кезеңкезеңімен көрсетіледі. Оған қосымша 114 жедел әрекет ету тобы құрылды. Бұл топ өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға дер кезінде көмектесуді көздейді.

Сондай-ақ, жиында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы респуб­ли­калық Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Шанаи «Мәдениетті ана – мәде­­ниетті ұлт» жалпыұлттық жобасы жайын­да пайдалы ақпараттармен бөлісті.

Дайындаған А.Әлиарыстан

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған