Сырдария ауданында «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының облыстық кезеңінде «Еңбекқор отбасы» номинациясының иегері Бисеновтер отбасы Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады.Бисеновтер отбасы үшін отбасы құндылықтары мен ел болашағына деген жауапкершілік – маңызды ұстанымдардың бірі. Отбасы мүшелері сайлауға қатысып, азаматтық міндеттерін орындап, өз таңдауларын білдірді.Отағасы мен отбасы мүшелері әр азаматтың ел өміріндегі маңызды қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуы қажет екенін атап өтті.– Отбасы – қоғамның негізі. Елдің болашағы әр отбасының береке-бірлігі мен әр азаматтың жауапкершілігінен басталады. Бүгін біз де өз таңдауымызды жасап, азаматтық міндетімізді орындадық, – деді Бисеновтер отбасы.«Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауының қатысушы өнегелі отбасының сайлауға қатысуы – отбасылық құндылық пен азаматтық жауапкершіліктің сабақтастығын көрсетеді.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған