Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауында қала тұрғындары белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда. Сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беріп жатқан азаматтардың қатарында Қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы М. Кәрімбаев та бар.Қоғамдық кеңес төрағасы сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Дауыс бергеннен кейін ол сайлау науқанының маңызы мен тұрғындардың азаматтық белсенділігі жөнінде пікір білдіріп, сұхбат берді.Оның айтуынша, сайлауға қатысу – әр азаматтың өз құқығын пайдаланып қана қоймай, елдің қоғамдық өміріне белсенді араласуының мүмкіндігі. Жалпы, бүгін қаладағы сайлау учаскелерінде тұрғындардың белсенділігі байқалады. Аға буын өкілдерімен қатар, жастар да дауыс беруге келіп, азаматтық ұстанымдарын білдіруде. Әртүрлі буын өкілдерінің қатысуы сайлаудың қоғамдық маңызын айқындай түседі.Әрбір азаматтың таңдауы мен белсенділігі елдің қоғамдық өміріне қатысудың маңызды бөлігі саналады. Сондықтан сайлау күні тұрғындардың өз құқықтарын пайдаланып, дауыс беруі азаматтық жауапкершіліктің көрінісі болып табылады.

By QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған