Жалағаш кентіндегі №153 сайлау учаскесіне Ерғалиевтер отбасы келіп, өз таңдауларын жасады. Елдік мүддені жоғары қоятын бұл отбасының белсенділігі мен саяси науқанға деген жауапкершілігі көпшілікке үлгі боларлық.Отбасы мүшелері сайлауға қатысу әр азаматтың ел болашағына қосқан маңызды үлесі екенін атап өтті. Олардың ауызбіршілігі мен азаматтық ұстанымы қоғамдағы ынтымақ пен бірліктің айқын көрінісі болды.