Бүгін Әйтеке би кентіндегі №60 сайлау учаскесіне Қызылорда облыстық жедел жәрдем станциясының Қазалы аудандық бөлімшесінің медицина қызметкерлері ұжым болып келіп, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында өз таңдауларын жасады.Күнделікті қызметінде тұрғындардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, шұғыл медициналық көмек көрсететін ақ халатты абзал жандар бұл жолы да азаматтық белсенділік танытып, маңызды саяси науқаннан тыс қалмады.Жауапты қызмет пен тынымсыз еңбекке қарамастан, ұжым мүшелерінің сайлауға бірге келуі ел өміріндегі маңызды мәселелерге бейжай қарамайтындықтарын көрсетті.Елдің амандығы мен халықтың саулығы жолында еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлеріне жауапты қызметтеріне табыс, отбасыларына амандық тілейміз
!#МәслихатСайлауы2026 #ҚазалыАуданы #ЖеделЖәрдем #АзаматтықБелсенділік